Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 2-18/150 ұсынысы негізінде, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің "Исатай мешіті" қыстағының аумағында карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі | Н. Қарабаев |