Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 70 "Ойыл ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ойыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ойыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары, осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы: | С. Ғ. Займолдин |