Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Arm Wind" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Бадамша-1 жел электр станциясымен Бадамша (2 Фаза) электр станциясы арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қуаты 48 МВт Бадамша-1 электр станциясы алаңының, талшықты-оптикалық байланыс желісінің жерасты кәбілін төсеу үшін, Хромтау ауданы Тассай ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 0,4894 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, қауымдық сервитуты белгіленсін.
2. Бадамша-1 жел электр станциясымен Бадамша (2 Фаза) электр станциясы арасындағы байланысты қамтамасыз ету операцияларын жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "Arm Wind" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтасын.
3. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 29 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Бекет |