Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ERG Exploration" акционерлік қоғамы пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарын жүргізу үшін, Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округі, Көктау ауылдық округі аумағында орналасқан, пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 24 желтоқсанына дейін қауымдық сервитуты белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 23.07.2021 № 178 қаулысымен.1. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "ERG Exploration" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 23.07.2021 № 178 қаулысымен.2. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 19 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Бекет |