Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 89 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ERG Exploration" акционерлік қоғамы пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарын жүргізу үшін, Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округі, Көктау ауылдық округі аумағында орналасқан, пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 24 желтоқсанына дейін қауымдық сервитуты белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 23.07.2021 № 178 қаулысымен.

      1. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "ERG Exploration" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 23.07.2021 № 178 қаулысымен.

      2. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 19 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі: А. Бекет

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Хромтауского района Актюбинской области от 19 апреля 2021 года № 89

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и статьей 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Хромтауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акционерное общество "ERG Exploration" выгодно для проведения работ по разведке выработок, Хромтауский район Установить публичный сервитут до 24 декабря 2025 года без изъятия у пользователей, расположенный на территории аккудукского сельского округа, Коктауского сельского округа.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Хромтауского района Актюбинской области от 23.07.2021 № 178.

      2. Предоставление земельного участка для проведения геологоразведочных работ при использовании акционерное общество "ERG Exploration" соблюдать требования законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением акимата Хромтауского района Актюбинской области от 23.07.2021 № 178.

      3. "Хромтауское районное сельское хозяйство Актюбинской области и государственное учреждение "Отдел земельных отношений" в установленном законодательством порядке:

      1) Государственную регистрацию настоящего постановления в департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) Размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Хромтауского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Хромтауского района С. Жаконова

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 19 апреля 2021 года.

      Аким района: А. Бекет