"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "ERG Exploration" акционерлік қоғамының қатынас хаты негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 89 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының 1, 2 тармағындағы "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген сөздер "ERG Exploration" акционерлік қоғамы деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 23 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Бекет |