"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Іле аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. Іле аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Іле аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 10 ақпандағы № 28-132 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2615 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Іле аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 28-132 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іле аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | А. Иманбеков |