БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:
"77-1) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялауын;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Жамаубаев |