"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 513 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "77-1) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялауын;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады