БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18718 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Жамаубаев |
бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
№ | Атауы | Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары | Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр) | |||
салықтық тексерулер үшін | кедендік бақылау үшін | |||||
жеңіл авто негізінде | жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне | жеңіл авто негізінде | жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | 3 | 0 | 3 | 0 | 2500 |
2. | Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері | 4 | 0 | 3 | 1 | 2500 |
3. | Кедендер | - | 8 | 1 | 2500 | |
4. | Кеден бекеттері | - | 2 | 0 | 2500 | |
5. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелері | - | 2 | 1 | 2500 |
Ескертпе:
арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс; жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.
бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
№ р/с | Үй-жайлардың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың алаңы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы: | |||
| Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 900 |
Степногорск, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 200 | |
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 500 | |
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 100 | |
Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар | |||
| Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал: | ||
Аудандық қазынашылық басқармалары | шаршы метр | 30 | |
Қалалық қазынашылық басқармалары | шаршы метр | 45 | |
Облыстар бойынша Қазынашылық департаменттері | шаршы метр | 60 | |
Республикалық манызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттері | шаршы метр | 90 |