Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 мамырда № 18718 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.10.2021 № 1025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының Арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;

      2) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 05.10.2021 № 1025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.10.2021 № 1025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 251 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11031 болып тіркелген, "Әділет" ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 маумырдағы № 337 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11545 болып тіркелген, "Әділет" ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 шілдеде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Е.С. Қалас) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
  орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 470 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.10.2021 № 1025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары

Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр)

салықтық тексерулер үшін

кедендік бақылау үшін

жеңіл авто негізінде

жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне

жеңіл авто негізінде

жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

3

0

3

0

2500

2.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері

4

0

3

1

2500

3.

Кедендер


-

8

1

2500

4.

Кеден бекеттері


-

2

0

2500

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелері


-

2

1

2500

      Ескертпе:

      арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус;

      жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс; жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 05.10.2021 № 1025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
  орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 470 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.10.2021 № 1025 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Үй-жайлардың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайдың алаңы

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы:

 
1.

Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы метр

900

Степногорск, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы метр

200

Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы метр

500

Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы метр

100

Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар

 
2.

Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал:

Аудандық қазынашылық басқармалары

шаршы метр

30

Қалалық қазынашылық басқармалары

шаршы метр

45

Облыстар бойынша Қазынашылық департаменттері

шаршы метр

60

Республикалық манызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттері

шаршы метр

90

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады