"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының м.а. 2021 жылғы 9 шілдедегі № 437 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 468 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      55-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 218-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "218-1) осы бұйрыққа 218-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:

      Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      21-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 55-1-қосымша алып тасталсын;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 210-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықтың Департаменттің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Департаменттердің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті Төрағасының
міндетін атқарушы
Ж. Іңкәрбаев

  Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Төрағасының
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 522 бұйрығына
218-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы және уақыттылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлінде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып шығады.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Таукехан даңғылы, 278В үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлермен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың міндеттері:

      1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

      3) өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Басқарманың функциялары:

      1) салық заңнамасының сақталуын бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;

      3) Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

      5) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйені қолданумен электрондық қызмет көрсету;

      8) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      9) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;

      12) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;

      13) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;

      14) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсініктер беру;

      15) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің тиісті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

      16) Қазақстан Республикасы салық заңнамасымен анықталған тәртіпте жеке тұлғалардан берешекті өндіру туралы салық бұйрығын шығару;

      17) Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешімдерді, сондай-ақ салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдерді қабылдау;

      18) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;

      19) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      20) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға- және фотоға түсіру;

      21) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін Жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      22) құзыреті шегінде бекітілген тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалауды және қадағалуды жүзеге асыру;

      23) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;

      24) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;

      2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;

      3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;

      4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;

      6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын қарау;

      7) заңнамада айқындалған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардан, қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

      9) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;

      10) салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      16. Басқарманың басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) Басқарманың штат санының лимиті шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшыларының орынбасарларын, Басқарманың қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауаптылықта болады;

      8) Департаментке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауаптылықта болады;

      9) өз құзыреті шегінде Басқарманың актілеріне қол қояды;

      10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан шығады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Басқарманың мүлкi

      20. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 "Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам республиканского значения и столицы и их территориальных органов"

Приказ и.о. Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 9 июля 2021 года № 437

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 июля 2021 года № 468 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 "Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам республиканского значения и столицы и их территориальных органов" следующее изменения и дополнения:

      в пункте 1:

      подпункт 55-1) исключить;

      дополнить подпунктом 218–1) следующего содержания:

      "218-1) Положение об Управлении государственных доходов по Сауранскому району Департамента государственных доходов по Туркестанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 218-1 к настоящему приказу;";

      в Положении о Департаменте государственных доходов по Алматинской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      в Перечне государственных учреждений – территориальных органов Департамента:

      пункт 21 исключить;

      приложение 55-1 к указанному приказу исключить;

      дополнить приложением 218-1 в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Юридическому управлению Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Абдрахманов О.А.) в установленном законодательстве порядке обеспечить включение и официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Руководителям Департаментов государственных доходов Комитета по областям, городам республиканского значения и столице и их территориальных органов в установленном законодательством порядке:

      1) принять меры, необходимые для реализации настоящего приказа;

      2) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Департамента.

      4. Организационно-контрольному управлению Департамента кадров и внутреннего администрирования (Кабдуакасову А.Ы.) настоящий приказ довести до сведения Департамента.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Исполняющий обязанности Председателя Комитета
Государственных доходов Республики Казахстан
Ж. Инкербаев

  Приложение к приказу
Приложение 218-1 к приказу
Председателя Комитета
государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан
от 7 сентября 2016 года № 522

Положение об Управлении государственных доходов по Сауранскому району Департамента государственных доходов по Туркестанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Управление государственных доходов по Сауранскому району Департамента государственных доходов по Туркестанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Управление) является территориальным органом Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет), уполномоченным на выполнение функций по обеспечению полноты и своевременности поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет, исчисления, удержания, перечисления социальных платежей и иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление является юридическим лицом в организационно–правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление выступает стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые приказами Руководителя Управления.

      7. Структура и лимит штатной численности утверждается в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Юридический адрес Управления: почтовый индекс 161200, Республика Казахстан, Туркестанская область, город Туркестан, проспект Таукехан, дом 278B.

      9. Полное наименование государственного органа – республиканское государственное учреждение "Управление государственных доходов по Сауранскому району Департамента государственных доходов по Туркестанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из республиканского бюджета.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

2. Задачи, функции, права и обязанности Управления

      13. Задачи Управления:

      1) обеспечение в пределах полномочий экономической безопасности государства, законных прав и интересов субъектов предпринимательской деятельности, общества и государства;

      2) обеспечение полноты и своевременности поступления налогов и обязательных платежей в бюджет;

      3) в пределах своей компетенции обеспечение соблюдения и исполнения международных актов, налогового и иного законодательства Республики Казахстан;

      4) обеспечение полноты и своевременности исчисления, удержания и перечисления социальных платежей в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      5) выполнение иных задач, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      14. Функции Управления:

      1) контроль за соблюдением налогового законодательства;

      2) применение положений международных договоров в порядке, установленном налоговым законодательством Республики Казахстан и соответствующими международными договорами;

      3) обеспечение выполнения международных обязательств Республики Казахстан в пределах компетенции Управления;

      4) взаимодействие с государственными органами по осуществлению контроля за соблюдением налогового и иного законодательства Республики Казахстан;

      5) осуществление налогового администрирования;

      6) осуществление налогового контроля в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан;

      7) оказание электронных услуг с применением информационных систем в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации;

      8) оказание государственных услуг в соответствии со стандартами и регламентами оказания государственных услуг;

      9) использование системы управления рисками;

      10) осуществление взаимодействия с государственными органами и иными организациями посредством информационных систем в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      11) размещение на интернет-ресурсе информации в соответствии с законодательством Республики Казахстан по вопросам, относящимся к компетенции органов государственных доходов;

      12) составление протоколов и рассмотрение дел об административных правонарушениях, применение других мер, предусмотренных законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      13) определение объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, на основе косвенных методов (активов, обязательств, оборота, затрат, расходов) в случае нарушения порядка ведения учета;

      14) осуществление разъяснений и предоставление комментариев по вопросам, связанным с возникновением, исполнением и прекращением налогового обязательства;

      15) сотрудничество с органами иностранных государств и международными организациями в соответствии с международными договорами Республики Казахстан;

      16) вынесение налогового приказа о взыскании задолженности физического лица в порядке, определенном налоговым законодательством Республики Казахстан;

      17) принятие решений об изменении срока исполнения налогового обязательства по уплате налогов и (или) плат, а также решений об отказе в изменении срока исполнения налогового обязательства по уплате налогов и (или) плат в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан;

      18) остановка на Государственной границе Республики Казахстан, не совпадающей с таможенной границей Евразийского экономического союза, транспортных средств, в том числе осуществляющих международные перевозки товаров;

      19) запрос и получение от перевозчика или от лица, осуществляющего перемещение товаров через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза, необходимой информации, а также документов и сведений, касающихся перемещаемых товаров;

      20) документирование, видео- и аудиозапись, кино- и фотосъемка фактов и событий в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

      21) осуществление контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза;

      22) осуществление в пределах компетенции маркировки и прослеживаемости товаров в соответствии с утвержденными порядками;

      23) ведение реестров участников оборота товаров, подлежащих маркировке и прослеживаемости;

      24) в пределах своей компетенции осуществление мониторинга оборота товаров, подлежащих маркировке и прослеживаемости, в том числе во взаимной торговле с государствами-членами Евразийского экономического союза;

      25) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      15. Права и обязанности Управления:

      1) запрашивать, получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, их должностных лиц и передавать им необходимую информацию и материалы;

      2) давать разъяснения и комментарии по применению действующего законодательства по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      3) привлекать специалистов соответствующих государственных органов, консультантов и независимых экспертов из числа физических и юридических лиц Республики Казахстан и других государств для проведения экспертиз, проверок и консультаций;

      4) рассматривать дела об административных правонарушениях, составлять по ним протокола и налагать административные взыскания в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      5) обращаться в суд, предъявлять иски в целях защиты прав и интересов Управления в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      6) рассматривать обращения, заявления и жалобы физических и юридических лиц по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      7) требовать от физических и юридических лиц в случаях, определенных законодательством представление необходимых документов, отчетностей по установленным формам;

      8) взаимодействовать с другими государственными органами, международными организациями, в порядке, определенном законодательными актами Республики Казахстан, а также на основании совместных актов соответствующих государственных органов по согласованию с ними;

      9) представлять по запросу соответствующего уполномоченного органа сведения из собственных информационных систем в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;

      10) осуществлять в целях модернизации и совершенствования налогового администрирования реализацию (внедрение) пилотных проектов, предусматривающих иной порядок налогового администрирования и исполнения налоговых обязательств налогоплательщиками;

      11) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Управления

      16. Руководство Управлением осуществляется Руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.

      17. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Руководитель Управления осуществляет следующие полномочия:

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей, руководителей, работников структурных подразделений Управления;

      2) утверждает штатное расписание Управления в пределах лимита штатной численности Управления;

      3) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления;

      4) принимает меры дисциплинарной ответственности в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      5) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;

      6) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования заместителей руководителя Управления, работников Управления;

      7) несет персональную ответственность по противодействию коррупции;

      8) несет персональную ответственность за достоверность информации, предоставляемой в Департамент;

      9) в пределах компетенции подписывает акты Управления;

      10) представляет Управления во всех государственных органах и иных организациях;

      11) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий Руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      20. Управление имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к республиканской собственности.

      22. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и ликвидация Управления

      23. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.