Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.09.2022 № 2-к бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111-қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 73 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
19-тармақтың 3), 4), 6) тармақшалары және 20-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы | Ш. Каринова |