Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 49/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 23 қарашадағы
№ 49/01 қаулысына қосымша

Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі

1 тарау. Негізгі ережелер

      1. Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2 тарау. Балқаш қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін айқындау

      2. Кент бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.

      3. Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын Бюджет кодексінің 45-бабының 9-1-тармағына сәйкес қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы сырғымалы негізде жыл сайын айқындайды.

      4. Кенттердін бюджет шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрақты сипаттағы шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.

3 тарау. Балқаш қаласының кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      5. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы қала кент бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      6. Кент бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:

      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);

      2) кент бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) кент бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін қалалық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      7. Кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және кент бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.

      8. Кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      9. Кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      10. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген кенттің шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

     


      – і кент j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;

      Зj –кент бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;

     


      – і кент j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;

     


      – і кент j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа қалалық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      11. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


     

      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і кенттердің халық санының болжамы;

      Халі – і кенттердегі халықтың жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа қалалық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      2) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – кенттердің халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;

     


      – бір кент халқының орташа санының болжамы;

      Халi – і- кенттің халық санының болжамы;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      3) ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – i- кент ауыл халқы санының болжамы;

     


      – j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      4) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – қала бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      рi – i- кенттегі халықтың тығыздығы;

     


      - кент халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті қала халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      5) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


      мұнда:

      Ni -"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті маңызы бар ұстауға арналған қаржыландыру нормативі i-ші кенттерді.

     


      – қала бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      6) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bi – і кенттердің жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті кент бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      7) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      di – i- кенттердің жылыту маусымының кезеңі;

      –кент бойынша жылыту маусымының орташа

      кезеңі;

     


      – кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті қала өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының облыстағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      12. Келесі екі жылдағы қалалық бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы аудандық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

4 тарау. Балқаш қаласының кент бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      13. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кенттердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Әрбір кенттер бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і кенттердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і кенттердің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      Кент бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

5 тарау. Балқаш қаласының кент бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      14. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі кенттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір кент бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұнда:

      БДБШi – i кенттердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – i кенттердің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і кент кірістерінің болжамды көлемі;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың кент, ауылдық бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      15. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы қалалық бюджет пен кент, ауылдық бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

  Кент бюджеттерінің
кірістері мен шығындарының
болжамды көлемін есептеу тәртібіне қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығы

5. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер


тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлік (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)

жылыту маусымының ұзақтығы

Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы

Елді мекендерді көркейту

тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы

Спорт

ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

жолдарды күтіп-ұстау; жылыту маусымының ұзақтығы

13. Басқалар

Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығы


Об утверждении Порядка расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков города Балхаш

Постановление акимата города Балхаш Карагандинской области от 23 ноября 2021 года № 49/01

      В соответствии с пунктом 9 статьи 45 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 139 "Об утверждении методики расчетов трансфертов общего характера", акимат города Балхаш ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Порядок расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков города Балхаш согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов города Балхаш" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Балхаш

Таурбеков О.


приложение
к постановлению
акима города Балхаш
от 23 ноября 2021 года
№49/01

Порядок расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков города Балхаш

Глава 1. Основные положения

      1. Настоящий порядок расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков города Балхаш (далее – Порядок) разработан в соответствии со статьей 45 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (далее – Бюджетный кодекс) и применяется при расчетах прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков города Балхаш.

Глава 2. Определение прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков города Балхаш

      2. Прогнозные объемы доходов и затрат бюджетов поселков рассчитываются местным уполномоченным органом по государственному планированию города в порядке, определяемом местным исполнительным органом города в соответствии с пунктом 9 статья 45 Бюджетного кодекса.

      3. Прогноз доходов бюджетов поселков для установления объемов трансфертов общего характера на плановый период определяется ежегодно на скользящей основе местным уполномоченным органом по государственному планированию города в соответствии с пунктом 9-1 статья 45 Бюджетного кодекса.

      4. Прогнозные объемы затрат бюджетов поселков рассчитываются как сумма прогнозных объемов затрат по текущим бюджетным программам и по бюджетным программам развития с учетом установленных статьей 56-1 Бюджетного кодекса направлений расходов по функциональному признаку.

      При этом прогнозные объемы затрат по текущим бюджетным программам, которые направлены на обеспечение деятельности администраторов бюджетных программ по выполнению функций государственного управления и обязательств государства в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, имеющих постоянный характер, а также на достижение цели, решение конкретных задач и мероприятий стратегических и программных документов, состоят из:

      затрат на оплату труда, оплата коммунальных услуг и затрат постоянного характера (далее – текущие затраты);

      затрат на укрепление материально-технической базы и капитального ремонта (далее – затраты капитального характера).

Глава 3. Расчет прогнозных объемов текущих затрат бюджетов поселков города Балхаш

      5. Для расчета текущих затрат определяется прогнозный объем текущих затрат в целом по бюджетам поселков.

      6. При определении прогнозного объема текущих затрат бюджетов поселков учитываются:

      1) совокупный объем текущих затрат с учетом увеличения текущих затрат на индекс потребительских цен в планируемом периоде в соответствии с прогнозом социально-экономического развития и бюджетных параметров города (за исключением заработной платы);

      2) положения законов Республики Казахстан, предусматривающие увеличение или сокращение расходов бюджетов города и вводимые в действие в планируемом периоде;

      3) положения указов Президента Республики Казахстан, постановлений Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативных правовых постановлений центральных государственных органов, нормативных правовых приказов руководителей ведомств центральных государственных органов при наличии прямой компетенции по их утверждению в нормативных правовых актах государственного органа, в структуру которого входит ведомство, предусматривающие сокращение поступлений или увеличение расходов местных бюджетов и вводимые в действие в планируемом периоде;

      4) затраты постоянного характера, ранее финансировавшиеся за счет целевых текущих трансфертов;

      5) положения решений городских представительных и исполнительных органов, предусматривающие увеличение или сокращение расходов бюджетов поселков и вводимых в действие в планируемом периоде.

      7. Из суммарного прогнозного объема текущих затрат бюджетов поселков исключаются средства на выплату экологических надбавок, оказание материальной помощи и на дополнительные отпуска работникам государственных учреждений и казенных предприятий, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, и добавляются абсолютными суммами после расчета прогнозных объемов текущих затрат по бюджетам поселков.

      8. За расчетную базу прогнозирования объема текущих затрат бюджетов поселков принимаются объемы текущих затрат в соответствии с уточненным планом года, предшествующего планируемому периоду.

      9. Расчет прогнозного объема текущих затрат бюджетов поселков производится в разрезе функциональных подгрупп осуществляемых государственных функций с учетом показателей и коэффициентов, приведенных в перечне функциональных подгрупп, осуществляемых государственных функций, показателей и коэффициентов к ним согласно приложению к настоящему Порядку.

      10. Расчет текущих затрат поселков по отдельной функциональной подгруппе производится по следующей формуле:

            где:

            – расчетные текущие затраты i-го поселка по j-й функциональной подгруппе;

      Зj – суммарный прогнозный объем текущих затрат по бюджетам поселка по j-й функциональной подгруппе;

            – количество потребителей государственных услуг i-го поселка по j-й функциональной подгруппе;

            – коэффициенты, учитывающие объективные факторы, которые обусловливают отличия в стоимости предоставления государственных услуг в i-го поселка по j-й функциональной подгруппе от средне городского уровня.

      11. При расчете прогнозного объема текущих затрат применяются следующие коэффициенты, отражающие объективные факторы, которые обусловливают различия в стоимости предоставления государственных услуг:

      1) коэффициент дисперсности расселения:

            где:

      Насiмелк – прогнозная численность населения i-ом поселка проживающего в населенных пунктах с численностью населения менее 500 человек;

      Насi – общая прогнозная численность населения в i-ом поселка.

      Коэффициент дисперсности расселения учитывает более высокий по сравнению со среднегородской уровень затрат, обусловленный необходимостью обеспечения определенным набором государственных услуг населению независимо от размеров населенного пункта, в том числе учитывая дополнительные транспортные и иные расходы;

      2) коэффициент масштаба:

            где:

      ?– вес, с которым учитывается отклонение численности населения поселка среднегородского уровня;

            – средняя прогнозная численность населения одного поселка;

      Насi – прогнозная численность населения в i-й города, поселка.

      Коэффициент масштаба учитывает эффект масштаба, отражающий снижение объема затрат на предоставление государственных услуг в расчете на одного потребителя с ростом численности потребителей;

      3) коэффициент учета надбавок за работу в сельской местности:

            где:

      Насiсельск – прогнозная численность сельского населения i-ом поселка.

            – доля заработной платы в общем объеме текущих затрат по j-й функциональной подгруппе (в сумме города, поселка, сельских округов)

      Коэффициент учета надбавок за работу в сельской местности учитывает потребность в дополнительных расходах на заработную плату в сельской местности по отдельным функциональным подгруппам;

      4) коэффициент плотности:

            где:

            – плотность населения в среднем по городу;

      рi – плотность населения в i-ом поселка;

            – вес, с которым учитывается отклонение плотности населения поселка от среднегородского уровня.

      Коэффициент плотности учитывает увеличение затрат бюджетов поселка в связи с уменьшением плотности населения региона;

      5) коэффициент содержания дорог:

            где:

      Ni – норматив финансирования на содержание автомобильных дорог местного значения i-ом поселка, утверждаемый в соответствии с подпунктом 38) пункта 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах".

            – норматив финансирования на содержание автомобильных дорог в среднем по городу;

      6) коэффициент учета бедности (на основе доли лиц с доходами ниже прожиточного минимума):

            где:

      bi – доля населения с доходами ниже величины прожиточного минимума в общей численности населения в i-ом поселка.

      Коэффициент учета бедности учитывает увеличение затрат бюджетов поселка, на выплату социальной помощи в связи с ростом доли населения с доходами ниже величины прожиточного минимума;

      7) коэффициент учета продолжительности отопительного сезона:

                  где:

      di – период отопительного сезона в i-ом поселка;

            – период отопительного сезона в среднем поселка;

            – доля затрат на отопление в общем объеме текущих затрат бюджетов поселка.

      Коэффициент учета продолжительности отопительного сезона учитывает зависимость затрат бюджетов города на отопление от продолжительности отопительного сезона города.

      12. За расчетную базу прогнозирования объема текущих затрат городских бюджетов последующих двух годов принимаются прогнозные объемы текущих затрат городских бюджетов первого года трехлетнего периода с учетом индекса потребительских цен.

Глава 4. Расчет прогнозных объемов затрат капитального характера бюджетов поселков города Балхаш

      13. Общий прогнозный объем средств, предусматриваемых для финансирования затрат капитального характера, определяется с разбивкой по годам в соответствии с процентным отношением к общему объему финансирования текущих затрат поселка.

      Расчет прогнозного объема средств, предусматриваемых для финансирования затрат капитального характера, поселков производится по следующей формуле:

      КЗi = k * РЗi,

      где:

      КЗi – расчетные затраты капитального характера i-й поселка;

      РЗi – расчетные текущие затраты i-го поселка;

      k – величина процентного отношения затрат капитального характера к общему объему текущих затрат.

      Величина коэффициента k для определения объемов трансфертов общего характера между городским бюджетом и бюджетами поселка устанавливается решением городской бюджетной комиссии.

Глава 5. Расчет прогнозных объемов затрат по бюджетным программам развития поселков города Балхаш

      14. Общий прогнозный объем средств, предусматриваемых для финансирования затрат по бюджетным программам развития, определяется с разбивкой по годам в процентном соотношении к прогнозному объему доходов поселка.

      Расчет прогнозного объема средств, предусматриваемых для финансирования затрат по бюджетным программам развития поселка производится по следующей формуле:

      ЗБПРi = (r1 * РЗi) + (r2 * ПОДi),

      где:

      ЗБПРi – расчетные затраты по бюджетным программам развития i-го поселка;

      РЗi – расчетные текущие затраты i-го поселка;

      ПОДi – прогнозные объемы доходов i-го поселка;

      r1 – величина процентного отношения затрат по бюджетным программам развития к общему объему текущих затрат;

      r2 – величина процентного отношения затрат по бюджетным программам развития к прогнозному объему доходов бюджетов поселка.

      15. Величина коэффициентов r1 и r2 устанавливаются для определения объемов трансфертов общего характера между городским бюджетом и бюджетами поселков решением городской бюджетной комиссии.


Приложение к Порядку расчетов прогнозных
объемов доходов и затрат
бюджетов поселков

Перечень функциональных подгрупп, осуществляемых государственных функций, показателей и коэффициентов к ним

Наименование функциональных подгрупп

Показатели

Коэффициенты

1

2

3

1. Государственные услуги общего характера

Представительные, исполнительные и другие органы, выполняющие общие функции государственного управления

Постоянная численность населения

дисперсности расселения; плотности;
масштаба; учета продолжительности отопительного сезона

5. Здравоохранение

Прочие услуги в области здравоохранения


плотность;
учета продолжительности отопительного сезона

6. Социальной помощи и социального обеспечения

Социальная помощь

Постоянная численность населения

дисперсности расселения;
учета бедности (на основе доли лиц с доходами ниже прожиточного минимума); учета надбавок за работу в сельской местности;
учета продолжительности отопительного сезона

7. Жилищно-коммунальное хозяйство

Жилищно-коммунальное хозяйство

Общая площадь жилищного фонда (тыс. кв. метров)

учета продолжительности отопительного сезона

Коммунальное хозяйство

Постоянная численность населения

плотность;
учета продолжительности отопительного сезона

Благоустройство населенных пунктов

плотность;
учета продолжительности отопительного сезона

8. Культура, спорт, туризм и информационное пространство

Деятельность в области культуры

Постоянная численность населения

плотность;
учета надбавок за работу в сельской местности;
учета продолжительности отопительного сезона

Спорт

плотность;
учета надбавок за работу в сельской местности;
учета продолжительности отопительного сезона

12. Транспорт и коммуникации

Автомобильный транспорт

Протяженность автодорог местного значения, в том числе внутри населенных пунктов и улиц (километров)

содержания дорог; учета продолжительности отопительного сезона

13. Прочие

Прочие

Постоянная численность населения

учета продолжительности отопительного сезона