Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | Т. Досаев |
Қаражал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы "17" қарашадағы №110 қаулысына қосымша |
Қаражал қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
1 тарау. Негізгі ережелер
1. Қаражал қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Қаражал қаласы кенттерінің бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2 тарау. Қаражал қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін айқындау
2. Кент бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.
3. Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын Бюджет кодексінің 45-бабының 9-1-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы сырғымалы негізде жыл сайын айқындайды.
4. Кенттердін бюджет шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрақты сипаттағы шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға тұрады.
3 тарау. Қаражал қаласының кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы қала кент бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
6. Кент бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
2) кент бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) кент бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
7. Кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және кент бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
8. Кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
9. Кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
10. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген кенттің шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
– і кент j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;
Зj –кент бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і кент j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;
– і кент j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа қалалық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
11. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і кенттердің халық санының болжамы;
Халі – і кенттердегі халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа қалалық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
2) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– кенттердің халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;
– бір кент халқының орташа санының болжамы;
Халi – і- кенттің халық санының болжамы;
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
3) ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- кент ауыл халқы санының болжамы;
– j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
4) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– қала бойынша халықтың орташа тығыздығы;
рi – i- кенттегі халықтың тығыздығы;
- кент халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті қала халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
5) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni -"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті маңызы бар ұстауға арналған қаржыландыру нормативі i-ші кенттерді.
– қала бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
6) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і кенттердің жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті кент бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
7) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- кенттердің жылыту маусымының кезеңі;
– кент бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– кент бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті қала өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының облыстағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
12. Келесі екі жылдағы қалалық бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы аудандық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
4 тарау. Қаражал қаласының кент бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
13. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кенттердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір кенттер бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і кенттердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і кенттердің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Кент бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
5 тарау. Қаражал қаласының кент бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
14. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі кенттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір кент бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i кенттердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i кенттердің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і кент кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың кент, ауылдық бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
15. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы қалалық бюджет пен кент, ауылдық бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Қаражал қаласы кенттерінің бюджет кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібінің қосымшасы |