Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерінде орналасқан "С-ГеоПроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ауданы 400 шаршы километр жер учаскелеріне жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |