"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы |
Н. Дәуешов |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 22 қазандағы № 326 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 138 бұйрығы.
4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 27 шiлдедегi № 175 бұйрығы.
5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 44 бұйрығы.
6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 185 бұйрығы.