Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының "Сыңғырлау ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 54/429 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сыңғырлау ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.
Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) ауыл халқының жалпы санына байланысты айқындалады:
1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5 - 10 мүшесі;
2) 10 - 15 мың халық – жиналыстың 11 - 15 мүшесі;
3) 15 - 20 мың халық – жиналыстың 16 – 20 мүшесі;
4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21 - 25 мүшесі.
2-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.
2-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік – аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 2 – 2 тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Сыңғырлау ауылының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, Сыңғырлау ауылының бюджетін түзетуді келісу;
Сыңғырлау ауылының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Сыңғырлау ауылы әкімінің аппаратының шешімдерін келісу;
бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Сыңғырлау ауылы бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Сыңғырлау ауылының коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс – шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай - ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай – ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай - ақ ауыл әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Сыңғырлау ауылы әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің Сыңғырлау ауылының әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
Сыңғырлау ауылы әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Жиналыс Сыңғырлау ауылының әкімімен дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Заңның 39 – 3 бабының 3 тармағы 4 - 3 тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жиналысты аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай - ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай - ақ жиналысты шақыруға аудан мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауыл әкіміне беріледі.
Сыңғырлау ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.";
12 және 13 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауыл әкімі қарайды және ауыл әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.
"13. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы регламенттің 2 – тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.
Ауыл әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.
Ауыл әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған әкімнің және тиісті ауданның мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.
Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11 бабында көзделген тәртіппен аудан тиісті мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.";
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | Қ.Мансуров |