"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 528 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 22 қарашадағы
  № 528 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) бюджетті атқару, жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау үшін шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      түсімдер мен шығыстар бойынша бюджетті толық және уақытылы атқару;

      жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есепті жүргізу, бюджеттік есептілікті жасау;

      облыстық коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;

      жергілікті атқарушы оранның шешімі бойынша олар бойынша секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұру;

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушылық органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілерін және тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау;

      өз қызметін бюджеттік бағдарламаларға, сондай-ақ Басқарманың жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру;

      өз қызметін жүзеге асыру кезіңде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) облыстың бюджетін атқаруды ұйымдастырады және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджеттің атқарылуы жөніндегі облыстың аудандары мен қалаларының қызметін үйлестіреді;

      2) облыстың аудандары мен қалаларының бюджеттеріне субвенцияларды, заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді, заңнаманың өзгеруіне байланысты төмен тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді есептеу және уақытында аудару;

      3) облыстық бюджетке түсетін түсімдердің болжамына қатысады;

      4) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      5) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді;

      6) облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасайды;

      7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті жасайды;

      8) филантропиялық қызметтен және (немесе) қайырымдылық көмектен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті жасайды;

      9) жергілікті бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есепті жасайды;

      10) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады, уақытша бос ақша көлемін айқындайды және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің депозиттік шотына орналастыру үшін аударуды жүзеге асырады;

      11) бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін жүзеге асырады, облыс бюджетінің шығыс бөлігін орындау туралы талдамалы есепті жасайды;

      12) бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізуді жүзеге асырады;

      13) тиісті қаржы жылына облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламаларды толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

      14) жартыжылдық және қаржылық жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;

      15) қарыз алу арқылы ақша тарту процесін ұйымдастырады;

      16) корпоративтік төлем карточкасын қолдануымен есептерді жүргізу үшін ұлттық валютада қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға рұқсат береді;

      17) облыстық бюджетке салық және салық емес түсімдер бойынша операциялардың есебін және оларды шоғарыландырылған қаржылық есепілікте көрінісін жүргізеді;

      18) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджетіне түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтару және (немесе) есептеу үшін қорытындыны дайындайды;

      19) мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын және оған өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды келіседі;

      20) облыстық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;

      21) бюджеттік кредиттердің тіркелуін, есепке алынуын, мониторингін қамтамасыз етеді, бюджеттік кредиттердің өтелуін және оған қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      22) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.05.2023 № 209 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      23) облыстық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      24) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның нысаналы, тиiмдi пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi;

      25) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектілерін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      26) облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, сенімгерлік басқару шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асырады, сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      27) облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) береді, тендердің жеңімпаздарымен шарт жасасады және мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      27-1) облыстық коммуналдық мүлікті жалдауға, өтеусіз пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

      27-2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың арасында мүлікті беру туралы шешім қабылдайды;

      28) мемлекеттік заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлікті уақытша өтеусіз пайдалануға беру жөніндегі шарттарды жасасады;

      29) мемлекет меншiгіндегі ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлікті дiни бiрлестiктерге өтеусіз пайдалануға беру туралы облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартын жасасады;

      30) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру өкілеттіктеріне сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншікте болатын мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

      31) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті жақсарту мәселелерін келіседі;

      32) мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігінің облыстық бюджетке толық және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады;

      33) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ ақшаны Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;

      34) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға арналған өкілеттіктерге сәйкес облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың дивидендтерін, акцияларының мемлекеттiк пакеттерін төлеуге таза табысының бір бөлігін бағыттау үшін шаралар қабылдайды;

      35) жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;

      36) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, акционерлік қоғамдарды, акцияларының мемлекеттік пакеттері, жарғылық капиталындағы қатысу үлестері облыстық коммуналдық меншікте болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта құру, тарату, қайта атау, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша құжаттарды қарастырады;

      37) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік коммуналдық мүлікті беру актісін (қабылдау-тапсыру актісін) бекітеді немесе келіседі;

      38) облыстық коммуналдық мүлікті есептен шығаруды келіседі;

      39) сыйға тарту шарты бойынша мүлікті облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі құжаттарды қарастырады;

      40) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі құжаттарды қарастырады;

      41) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын келіседі;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.05.2023 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-тарау. Мемлекеттік органы бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әрекет етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікті атқарады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление финансов акимата Костанайской области"

Постановление акимата Костанайской области от 22 ноября 2021 года № 528.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Управление финансов акимата Костанайской области".

      2. Государственному учреждению "Управление финансов акимата Костанайской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Костанайской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Костанайской области А. Мухамбетов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Костанайской области
  от 22 ноября 2021 года
  № 528

Положение о государственном учреждении "Управление финансов акимата Костанайской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление финансов акимата Костанайской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере исполнения бюджета, ведения бюджетного учета и отчетности по исполнению местного бюджета, а также осуществляющим функции в области управления областной коммунальной собственностью.

      2. Управление не имеет подведомственных организаций.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управление в и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 110000, Костанайская область, город Костанай, проспект Аль-Фараби, 66.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.

      12. Управлению не допускается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      реализация государственной политики в области исполнения местного бюджета;

      полное и своевременное исполнение бюджета по поступлениям и расходам;

      ведение бюджетного учета, составление бюджетной отчетности по исполнению местного бюджета;

      управление областной коммунальной собственностью, осуществление мер по ее защите;

      иные задачи в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      14. Полномочия:

      1) права:

      в пределах своей компетенции издавать правовые акты;

      по решению местного исполнительного органа приостанавливать осуществление платежей по бюджетным программам (подпрограммам), по которым намечается секвестр;

      координировать работу местных исполнительных органов районов, городов областного значения по вопросам, входящим в его компетенцию, в сфере управления районным коммунальным имуществом;

      осуществление иных прав в соответствии с действующим законодательством;

      2) обязанности:

      соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области;

      осуществлять свою деятельность в соответствии с бюджетными программами, а также с планами работы Управления;

      обеспечивать исполнение требований действующего законодательства Республики Казахстан при осуществлении своей деятельности;

      осуществлять иные обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) организует исполнение бюджета области и координирует деятельность администраторов областных бюджетных программ, районов и городов области по исполнению бюджета;

      2) учет и своевременное перечисление субвенций бюджетам районов и городов области, целевых текущих трансфертов из нижестоящего бюджета на компенсацию потерь вышестоящего бюджета, в связи с изменением законодательства, целевых текущих трансфертов из вышестоящего бюджета на компенсацию потерь нижестоящих бюджетов в связи с изменением законодательства;

      3) участвует в прогнозировании поступлений в областной бюджет;

      4) составляет, утверждает сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам;

      5) вносит изменения в сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам;

      6) составляет отчет об исполнении областного бюджета и бюджета области;

      7) составляет отчет об исполнении планов поступлений и расходов денег от реализации товаров (работ, услуг);

      8) составляет отчет о поступлении и расходовании денег от филантропической деятельности и (или) спонсорской деятельности, и (или) меценатской деятельности;

      9) составляет отчет о кредиторской и дебиторской задолженностях местного бюджета;

      10) осуществляет управление бюджетными деньгами, определяет объемы временно свободных денег и осуществляет их перевод для размещения на депозитном счете Национального банка Республики Казахстан;

      11) осуществляет бюджетный мониторинг исполнения расходов бюджета, составляет аналитический отчет об исполнении расходной части бюджета области;

      12) осуществляет ведение бюджетного учета и отчетности;

      13) осуществляет мероприятия, направленные на полное и своевременное исполнение бюджетных программ в пределах сумм, утвержденных решением маслихата об областном бюджете на соответствующий финансовый год;

      14) по итогам за полугодие и финансовый год составляет и предоставляют консолидированную финансовую отчетность;

      15) организует процесс привлечения денег посредством заимствования;

      16) выдает разрешения на открытие контрольных счетов наличности в национальной валюте для проведения расчетов с применением корпоративный платежной карточки;

      17) ведет учет операций по налоговым и неналоговым поступлениям в областной бюджет и отражение их в консолидированной финансовой отчетности;

      18) готовит заключения для возврата из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм поступлений по кодам классификации поступлений в бюджет единой бюджетной классификации в пределах своей компетенции;

      19) согласовывает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, и справки о внесении изменений в него;

      20) вносит предложения по уточнению, корректировке областного бюджета;

      21) обеспечивает регистрацию, учет, мониторинг бюджетных кредитов, осуществляет погашение и обслуживание бюджетных кредитов;

      22) исключен постановлением акимата Костанайской области от 24.05.2023 № 209 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования);

      23) управляет областным коммунальным имуществом, осуществляет меры по его защите;

      24) организует учет областного коммунального имущества, обеспечивает контроль за его целевым, эффективным использованием и сохранностью;

      25) осуществляет приватизацию областного коммунального имущества, обеспечивает оценку объектов приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      26) предоставляет областное коммунальное имущество в доверительное управление, осуществляет подготовку и заключение договоров доверительного управления, осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления областным коммунальным имуществом;

      27) предоставляет областное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду), заключает договор с победителями тендера и осуществляет контроль за исполнением условий договоров имущественного найма (аренды);

      27-1) принимает решение о передаче областного коммунального имущества в аренду, безвозмездное пользование;

      27-2) принимает решение о передаче имущества между областными коммунальными юридическими лицами;

      28) заключает договоры по предоставлению областного коммунального имущества во временное безвозмездное пользование государственным юридическим лицам;

      29) заключает договор безвозмездного пользования государственным имуществом, по решению местного исполнительного органа области, о передаче религиозным объединениям в безвозмездное пользование культовых зданий (сооружений) и иного имущества культового назначения, находящееся в собственности государства;

      30) осуществляет мониторинг реализации планов развития контролируемых государством акционерных обществ, государственные пакеты акций которых находятся в областной коммунальной собственности, в соответствии с полномочиями на осуществление прав владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества;

      31) согласовывает вопросы улучшения государственного имущества, переданного по договору безвозмездного пользования государственным имуществом;

      32) осуществляет контроль за полнотой и своевременностью перечисления государственными предприятиями в областной бюджет установленной части чистого дохода;

      33) по решению местного исполнительного органа осуществляет передачу областного коммунального имущества, а также денег в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан в оплату акций акционерных обществ;

      34) принимает меры для направления части чистого дохода на выплату дивидендов акционерных обществ, государственные пакеты акций которых находятся в областной коммунальной собственности, в соответствии с полномочиями на осуществление прав владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества;

      35) осуществляет от лица местного исполнительного органа права государства как акционера (участника) на участие в управлении акционерным обществом (товариществом с ограниченной ответственностью);

      36) рассматривает документы по созданию, реорганизации, ликвидации, переименованию областных коммунальных юридических лиц, акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью, государственные пакеты акций, доли участия в уставном капитале которых находятся в областной коммунальной собственности, а также по внесению изменений и дополнений в их учредительные документы;

      37) утверждает или согласовывает передаточный акт (акт приема-передачи) государственного коммунального имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами;

      38) согласовывает списание областного коммунального имущества;

      39) рассматривает документы по принятию имущества в областную коммунальную собственность по договору дарения;

      40) рассматривает документы по принятию в областную коммунальную собственность объектов государственно-частного партнерства;

      41) согласовывает проекты договоров государственно-частного партнерства;

      42) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Cноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными постановлениями акимата Костанайской области от 24.05.2023 № 209 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 05.01.2024 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления;

      2) утверждает структуру, положения о структурных подразделениях и должностные инструкции работников Управления;

      3) утверждает план финансирования по обязательствам и платежам;

      4) представляет Управление в государственных органах, иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      5) обладает правом первой подписи;

      6) несет персональную ответственность за непринятие мер по противодействию коррупции;

      7) издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения работниками Управления;

      8) принимает меры поощрения, оказания материальной помощи и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      22. Имущество Управление формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      24. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.