Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 5 тамыздағы № 789 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Bolashak Construction Company KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков – 2-ші Қостанай көшесі мекенжайы бойынша орналасқан "Отбасы" аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы" объектісі бойынша сыртқы жылу желісін салу үшін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0501 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |