"Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 241 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Жітіқара
  ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 3 қарашадағы
  № 241 қаулысымен
  бекітілген

"Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жітіқара ауданы әкімінің аппараты) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жітіқара ауданы әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Жітіқара ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жітіқара ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Жітіқара ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жітіқара ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жітіқара ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй.

      10. Осы Ереже Жітіқара ауданы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жітіқара ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Жітіқара ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жітіқара ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

      2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

      3) аудандағы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясат пен әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, осы мақсатта барлық атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жітіқара ауданы әкімінің және әкімдігінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етеді.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына қажетті тапсырмалар беру;

      3) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      16. Функциялары:

      1) "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді;

      2) әкімдік мәжілістерін, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады, әкімдік мүшелерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жасайды;

      3) әкімдіктің іс қағаздарын жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін ақпаратты, сондай-ақ Жітіқара ауданы әкімдігінің және әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинауды және өңдеуді қамтамасыз етеді;

      4) әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарын дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      7) заң қызметінің әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге тікелей қатысуын қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды, мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіпте әкімдік бөлімдері шығарған әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдарды қарауды жүзеге асырады;

      9) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыратын әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      10) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрларының мониторингін жүзеге асырады;

      11) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      12) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      13) алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 23.09.2024 № 251 қаулысымен;
      14) алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 23.09.2024 № 251 қаулысымен;

      15) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      16) өңірлік деңгейде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      17) әкім және әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

      18) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асырады, іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және Жітіқара ауданы әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      20) аудан әкімдігіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасына, қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асырады;

      21) әкімдік бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      22) жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      23) өңірлік деңгейде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізеді;

      24) мемлекеттік наградалармен наградталатын адамдардың деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы мәжілісі, аудандық мәслихат депутаттарының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сайлаушылар тізімін жүргізуді жүзеге асырады;

      26) алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерін жүргізу және өзектілендіруді қамтамасыз ету арқылы қылмыстық сот ісін жүргізуде алқабилердің қатысуымен байланысты қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      27) әкімшілік-аумақтық құрылым саласында мемлекеттік саясатты іске асырады, облыс әкімдігіне ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      28) алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 19.09.2023 № 190 қаулысымен;
      29) алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 19.09.2023 № 190 қаулысымен;
      30) алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 19.09.2023 № 190 қаулысымен;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 19.09.2023 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.09.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      17. Жітіқара ауданы әкімінің аппаратына басшылықты "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысын Жітіқара ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. Жітіқара ауданы әкімі аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін білдіреді;

      2) "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жітіқара ауданы әкімі аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Жітіқара ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Жітіқара ауданы әкімінің аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жітіқара ауданы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Жітіқара ауданы әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жітіқара ауданы әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Жітіқара ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымы "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жітіқара ауданының Ахуалдық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Житикаринского района"

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 3 ноября 2021 года № 241.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Житикаринского района Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Житикаринского района".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Житикаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Житикаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Житикаринского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района Н. Утегенов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Житикаринского района
  от 3 ноября 2021 года
  № 241

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Житикаринского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Житикаринского района" (далее - Аппарат акима Житикаринского района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности акима и местного государственного управления.

      2. Аппарат акима Житикаринского района не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима Житикаринского района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима Житикаринского района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат акима Житикаринского района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима Житикаринского района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат акима Житикаринского района по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: 110700, Республика Казахстан, Костанайская область, Житикаринский район, город Житикара, 6 микрорайон, дом 65.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Аппарата акима Житикаринского района.

      11. Финансирование деятельности Аппарата акима Житикаринского района осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату акима Житикаринского района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района".

      Если Аппарату акима Житикаринского района законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан;

      2) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;

      3) осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в районе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов исполнительной власти;

      4) осуществление иных задач в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенцией.

      14. Полномочия: государственное учреждение "Аппарат акима Житикаринского района" обеспечивает информационно-аналитическую, организационно-правовую и материально-техническую деятельность акима и акимата Житикаринского района.

      15. Права и обязанности:

      1) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      2) давать необходимые поручения руководителям организаций, расположенных на территории района, по вопросам своей компетенции;

      3) взаимодействовать с другими органами государственного управления, органами общественного самоуправления и организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;

      4) осуществляет иные права и обязанности в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      16. Функции:

      1) проводит анализ состояния исполнительской дисциплины в структурных подразделениях государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района", исполнительных органах, финансируемых из местного бюджета;

      2) планирует проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий, организует их подготовку и проведение, по предложению членов акимата и руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета составляет ежеквартальный перечень вопросов для рассмотрения на заседаниях акимата;

      3) ведет делопроизводство акимата и обработку корреспонденции, поступающей в акимат, акиму, обеспечивает сбор, обработку информации, поступающей из других государственных органов и организаций, а также обращений физических и юридических лиц по вопросам, относящимся к компетенции акимата и акима Житикаринского района;

      4) организует и обеспечивает подготовку проектов постановлений акимата, решений и распоряжений акима, приказов руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района";

      5) осуществляет контроль за исполнением актов и поручений Президента, Правительства и центральных государственных органов Республики Казахстан, а также акима и акимата области, района;

      6) обеспечивает взаимодействие и координацию деятельности органов государственного управления, подчиненных акиму района;

      7) обеспечивает непосредственное участие юридической службы в разработке нормативных правовых актов акима и акимата района, обеспечивает принятие, государственную регистрацию, а также сбор, хранение и учет нормативных правовых актов акима и акимата района;

      8) осуществляет рассмотрение жалоб на административные акты, административные действия (бездействия) поступившие в отношении отделов акимата в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;

      9) обеспечивает поддержку и развитие интернет-ресурса акимата, организует взаимодействие органов государственного управления с гражданами и юридическими лицами в условиях информационного общества;

      10) осуществляет мониторинг кадров аппарата акима района и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      11) осуществляет организацию проведения конкурсов на занятие вакантных административных государственных должностей;

      12) осуществляет организацию деятельности единой дисциплинарной комиссии по рассмотрению дисциплинарных проступков государственных служащих местных исполнительных органов;

      13) исключен постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 23.09.2024 № 251;
      14) исключен постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 23.09.2024 № 251;

      15) осуществляет реализацию государственной политики по противодействию терроризму в сфере профилактики терроризма, минимизации и (или) ликвидации его последствий;

      16) осуществляет реализацию государственной политики в сфере гражданской защиты, направленную на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций и их последствий на региональном уровне;

      17) ведет регистрацию актов, изданных акимом и акиматом, обеспечивает надлежащее оформление и рассылку;

      18) осуществляет документационное обеспечение, в том числе путем организации надлежащего документооборота, внедрения и развития информационных технологий, контроль за соблюдением правил делопроизводства и расширения сферы применения государственного языка;

      19) осуществляет прием, регистрацию и учет обращений физических и юридических лиц, организует личный прием физических лиц и представителей юридических лиц акимом района, заместителями акима района и руководителем Аппарата акима Житикаринского района;

      20) осуществляет контроль за качеством, сроками рассмотрения обращений физических и юридических лиц, поступающих в акимат района;

      21) осуществляет внутренний контроль за качеством оказания государственных услуг отделами акимата и их подведомственными организациями;

      22) осуществляет реализацию на местном уровне государственной политики в сфере информационных технологий и информационной безопасности;

      23) проводит мероприятия по реализации антикоррупционной политики государства на региональном уровне;

      24) осуществляет формирование базы данных лиц, награждаемых государственными наградами;

      25) обеспечивает организацию проведения выборов Президента Республики Казахстан, депутатов мажилиса Республики Казахстан, районного маслихата, акимов сел и сельских округов, осуществляет ведение списков избирателей;

      26) осуществляет реализацию государственной политики в сфере общественных отношений, связанных с участием присяжных заседателей в уголовном судопроизводстве посредством ведения и обеспечения актуализации предварительных списков кандидатов в присяжные заседатели;

      27) реализует государственную политику в сфере административно-территориального устройства, вносит предложения в акимат области об изменении административно-территориального устройства района;

      28) исключен постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 19.09.2023 № 190;
      29) исключен постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 19.09.2023 № 190;
      30) исключен постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 19.09.2023 № 190;

      31) осуществляет иные функции в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенцией.

      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлениями акимата Житикаринского района Костанайской области от 19.09.2023 № 190 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 23.09.2024 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      17. Руководство Аппаратом акима Житикаринского района осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Житикаринского района" задач и осуществление им своих функций.

      18. Руководитель Аппарата акима Житикаринского района назначается на должность и освобождается от должности акимом района.

      19. Полномочия руководителя Аппарата акима Житикаринского района:

      1) представляет государственное учреждение "Аппарат акима Житикаринского района" в государственных органах, иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района";

      3) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат акима Житикаринского района", несет персональную ответственность за непринятие надлежащих антикоррупционных мер;

      4) организует и руководит работой государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач и функций;

      5) издает приказы;

      6) подписывает служебную документацию;

      7) назначает, освобождает, налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения в отношении работников государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района", осуществляющих техническое обслуживание и обеспечивающих функционирование государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района" и не являющихся государственными служащими, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;

      8) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      9) осуществляет иные полномочия в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенцией.

      Исполнение полномочий руководителя Аппарата акима Житикаринского района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Аппарат акима Житикаринского района возглавляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района", назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Аппарат акима Житикаринского района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата акима Житикаринского района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Аппаратом акима Житикаринского района, относится к коммунальной собственности.

      23. Аппарат акима Житикаринского района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Аппарата акима Житикаринского района осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Подведомственной организацией государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района" является коммунальное государственное учреждение "Ситуационный центр Житикаринского района" государственного учреждения "Аппарат акима Житикаринского района".