"Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 270 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы "30" қарашадағы
  № 270 қаулысымен
бекітілген

"Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жітіқара ауданының спорт бөлімі) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жітіқара ауданының спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Жітіқара ауданының спорт бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Жітіқара ауданының спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Жітіқара ауданының спорт бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Жітіқара ауданының спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 71-құрылысы.

      9. Осы Ереже Жітіқара ауданының спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Жітіқара ауданы әкімдігінің спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Жітіқара ауданының спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жітіқара ауданының спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Жітіқара ауданының спорт бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) ауданда дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамыту, спорт резервін дайындау үшін жағдай жасау.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;

      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      14. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;

      4) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      7) балалар-жасөспірімдер дене дайындығы, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады.

      9) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі, біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      10) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      14) заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      16) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      18) аудандық және қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      19) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;

      20) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      21) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Жітіқара ауданының спорт бөліміне басшылықты Жітіқара ауданының спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      16. Жітіқара ауданының спорт бөлімінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. Жітіқара ауданының спорт бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Жітіқара ауданының спорт бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      2) Жітіқара ауданының спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) Жітіқара ауданының спорт бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және "Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) Жітіқара ауданының спорт бөлімінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      6) өтініштермен жұмысты ұйымдастырады, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      7) Жітіқара ауданының спорт бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды;

      8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Жітіқара ауданының спорт бөлімін қаржыландыру жоспарын, Жітіқара ауданының спорт бөлімінің құрылымын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жітіқара ауданының спорт бөлімі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Жітіқара ауданының спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жітіқара ауданының спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Жітіқара ауданының спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жітіқара ауданының спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Жітіқара ауданының спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района"

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 30 ноября 2021 года № 270

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Житикаринского района Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района".

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Житикаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Житикаринского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района Н. Утегенов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Житикаринского района
  от "30" ноября 2021 года
  № 270

Положение о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района" (далее – Отдел спорта Житикаринского района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере физической культуры и спорта.

      2. Отдел спорта Житикаринского района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Отдел спорта Житикаринского района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстана и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Отдел спорта Житикаринского района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Отдел спорта Житикаринского района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Отдел спорта Житикаринского района по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица: 110700, Республика Казахстан, Костанайская область, Житикаринский район, город Житикара, 6 микрорайон, строение 71.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела спорта Житикаринского района.

      10. Финансирование деятельности Отдела спорта акимата Житикаринского района осуществляется из местного бюджета.

      11. Отделу спорта Житикаринского района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела спорта Житикаринского района.

      Если Отделу спорта Житикаринского района законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы, направляются в доход государственного бюджета, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      12. Задачи:

      1) пропаганда и развитие физической культуры и спорта в районе, создание условий для подготовки спортивного резерва.

      13. Полномочия:

      Права и обязанности:

      1) в пределах своей компетенции запрашивать и получать в установленном законом порядке от государственных органов и других организаций необходимые сведения, материалы и документы;

      2) обеспечивать доступность оказываемых государственных услуг, информированность потребителей о порядке оказания государственных услуг;

      3) осуществляет иные права и обязанности в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      14. Функции:

      1) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц, в том числе с учетом доступности для маломобильных групп населения, по месту жительства и в местах массового отдыха;

      2) осуществляет государственный контроль за безопасной эксплуатацией спортивного оборудования, предназначенного для занятий массовым спортом;

      3) проводит районные спортивные соревнования по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;

      4) обеспечивает подготовку районных сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;

      5) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      6) координирует деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      7) создает детско-юношеские клубы физической подготовки, в том числе адаптивной физической культуры и спорта;

      8) присваивает спортсменам спортивные разряды, лишает спортсменов спортивных разрядов: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;

      9) присваивает квалификационные категории, лишает квалификационных категорий: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер-преподаватель высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, тренер-преподаватель среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;

      10) реализует единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий;

      11) координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      12) осуществляет сбор, анализ и предоставляет местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории района по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      13) формирует и утверждает районные списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;

      14) обеспечивает жилищем чемпионов и призеров Олимпийских, Паралимпийских и Сурдлимпийских игр в соответствии с настоящим Законом;

      15) организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;

      16) обеспечивает общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;

      17) оказывает методическую и консультативную помощь спортивным организациям;

      18) обеспечивает деятельность районных и городских неспециализированных детско-юношеских школ;

      19) обеспечивает инструкторами по физической культуре и спорту для работы с населением;

      20) создает условия для развития физической культуры и спорта по месту жительства физических лиц и в местах их массового отдыха на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      21) организует совместно с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и общественными объединениями инвалидов проведение оздоровительных и спортивных мероприятий среди инвалидов;

      22) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

Глава 3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      15. Руководство Отделом спорта Житикаринского района осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел спорта Житикаринского района задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Руководитель Отдел спорта Житикаринского района назначается на должность и освобождается от должности акимом района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Полномочия руководителя Отдел спорта Житикаринского района:

      1) представляет Отдел спорта Житикаринского района в государственных органах, иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) несет персональную ответственность за не принятие мер, направленных на противодействие коррупции в Отделе спорта Житикаринского района;

      3) организует и руководит работой Отдела спорта Житикаринского района и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта акимата Житикаринского района" задач и функций;

      4) подписывает приказы, служебную документацию;

      5) назначает, освобождает и привлекает к дисциплинарной ответственности работников Отдела спорта Житикаринского района;

      6) организует работу с обращениями, проводит личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      7) определяет функциональные обязанности работников Отдела спорта Житикаринского района;

      8) утверждает план финансирования Отдела спорта Житикаринского района по обязательствам и платежам, структуру Отдела спорта Житикаринского района в пределах установленного фонда оплаты труда и численности работников;

      9) осуществляет иные полномочия в рамках установленной законодательством Республики Казахстан компетенции.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдел спорта Житикаринского района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      18. Отдел спорта Житикаринского района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдел спорта Житикаринского района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      19. Имущество, закрепленное за Отделом спорта Житикаринского района, относится к коммунальной собственности.

      20. Отдел спорта Житикаринского района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      21. Реорганизация и упразднение Отдела спорта Житикаринского района осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.