Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқаруының ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Ш.Ә. Өтемісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
Қазақстан Республикасы | |
Экология, геология және табиғи | |
ресурстар министрінің | |
2021 жылғы 29 қыркүйектегі | |
№ 393-ө бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту
1. "Су ресурстарын басқару және "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы, "Қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған тұрақты экономикалық өсу" ұлттық жобасының 3-бағыты" бағдарламаларының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешев.
2. "Таза Қазақстан" 1-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы;
"Үнемді Қазақстан" 2-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Қожаниязов Серік Салауатұлы;
"Табиғат" 3-базалық бағытының басшысы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова Әлия Лазарқызы.
3. Типтік базалық бағыттың жетекшісі – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Өтемісов Шавхат Әнесұлы.
3.1. "Мемлекеттік басқаруды жаңғырту" жобалар тобының жетекшісі – Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Жобалық офис басқармасының басшысы Алмұханов Абылай Асқарұлы;
3.2. "Мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен біліктілігін арттыру" жобалар тобының жетекшісі – Кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары Қазақбайұлы Әлішер;
3.3. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс (Халық үніне құлақ асатын мемлекет)" жобалар тобының жетекшісі – Әкімшілік жұмысы департаменті директорының орынбасары Баймұрат Әсия Баймұратқызы;
3.3.1. "Нәтиже" жобасының жетекшісі – Тәжіғұлова Зәуре Айдарханқызы;
3.3.2. "Жүйелік шешімдер" тобының жетекшісі – Ахметжанова Ақжайық Барлыбайқызы;
3.4. "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" жобалар тобының жетекшісі – Заң департаменті директорының орынбасары Нұғұманова Марал Қойшыбекқызы;
3.5. "Қоғамдық сананы жаңғырту" жобалар тобының жетекшісі – Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Ахметова Ұлжан Төлегенқызы;
3.6. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және саланы цифрландыру" жобалар тобының жетекшісі – Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаменті директорының орынбасары Қуандықова Мейіргүл Уәлиханқызы.
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жобалық офисінің басшысы – Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Ахметова Ұлжан Төлегенқызы.
5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жобалық офисінің бас менеджері - Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Жобалық офис басқармасының басшысы Алмұханов Абылай Асқарұлы.