"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 95 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 64-1), 64-2), 64-3), 64-4) және 64-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64-1) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу;

      64-2) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеу;

      64-3) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлеу;

      64-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлеу;

      64-5) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келісу.";

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысына аумақтық бөлімшелердің басшылары және олардың орынбасарларының кандидатураларын тағайындауға ұсынады;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Ерғалиев

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 "Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 апреля 2021 года № 95

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 "Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан" (опубликован 16 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 14 дополнить подпунктами 64-1), 64-2), 64-3), 64-4) и 64-5) следующего содержания:

      "64-1) разработка правил расчета и выплаты временной балансирующей платы, предусмотренной законодательством Республики Казахстан о железнодорожном транспорте по согласованию с центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство в сфере железнодорожного транспорта;

      64-2) разработка типовых форм технических условий на подключение к инженерным сетям;

      64-3) разработка типовых регламентов оказания услуг с четким порядком действий сотрудников субъектов естественных монополий;

      64-4) разработка правил определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций;

      64-5) согласование регламента оказания услуг на соответствие типовому регламенту.";

      подпункт 2) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "2) представляет на назначение руководителю аппарата Министерства национальной экономики Республики Казахстан кандидатуры руководителей территориальных подразделений и их заместителей;".

      2. Комитету по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после подписания настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзаца четвертого пункта 1 настоящего приказа, который действует до 1 января 2022 года в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам железнодорожного транспорта".

      Министр А. Иргалиев