Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 сәуірде жарияланған) және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 17 маусымдағы № 155 бұйрықтарының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет) аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыруды, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы орналасқан жер: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2023 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші, алқалы органдар құру;

      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      7) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға беру;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға дайындау;

      3) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

      3-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуларға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

      4) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      5) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      6) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлеу;

      7) өтінімді қарауға қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені жариялай отырып, оны өткізу;

      9) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тарифті бекіту және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бекітілген тарифті өзгерту;

      10) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындау;

      11) тарифтік сметаны бекіту және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізу;

      12) халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигация, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге де мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

      13) жергілікті атқарушы органмен бірлесіп Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізу және бекіту;

      14) уақытша өтемдік тарифті бекіту;

      15) табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдау;

      16) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;

      17) табиғи монополиялар субъектілері қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;

      18) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізу;

      18-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу;

      19) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы және сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізу;

      20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын келісу, оларға тарифті қалыптастыру бөлігінде өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      20-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келісу;

      20-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келісу;

      20-3) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті сенімгерлік басқару және (немесе) мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу;

      20-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келісу;

      20-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келісу;

      21) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алған кезде, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізу;

      22) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

      23) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге арналған тарифтің болжамды индексін айқындау;

      24) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекіту;

      25) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекіту;

      26) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектерін жыл сайын түзету;

      27) табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындау;

      28) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;

      29) тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекіту;

      30) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп кемінде айына бір рет тұтынушыларды қабылдауды жүргізу;

      31) жергілікті атқарушы органдармен есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормасын келісу;

      31-1) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органдармен немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу;

      32) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақы алу мөлшерін табиғи монополия субъектісіне көзделген тәртіппен келісу;

      33) Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу және оның құрамын қалыптастыру;

      34) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      35) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      36) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерін сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      37) ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      38) ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің бағаларын мониторинглеуді жүзеге асыру;

      39) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концесссия шартының негізінде тарифті айқындау;

      40) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми интернет-ресурста жүргізу, орналастыру және он күн сайын жаңартып отыру;

      41) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;

      42) лицензиялар тізілімін жүргізу;

      43) қосалқы (шунттаушы) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау мен салуды, меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;

      44) табиғи монополия субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуы белгілерінің анықталғаны туралы ақпаратты немесе материалдарды уәкілетті органдарға ұсыну және оларды хабардар ету;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптарды сақтауды тұтынушылардан талап ету;

      46) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне Кодекске сәйкес міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті ұйғарымдарды енгізу;

      47) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі ұйғарымды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін ұйғарымда көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсыну;

      48) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ сотқа қатысу;

      49) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

      50) Кодексте белгіленген тәртіппен тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу;

      51) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келісу;

      52) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;

      53) Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды төмендету;

      54) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      55) Комитеттің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      56) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;

      57) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;

      58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      59) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      60) тексеру парақтарын әзірлеу;

      61) аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекіту;

      62) табиғи монополиялар субъектілерінің және тұтынушылардың өтініштерін қарау;

      63) "Монополист" базасы сервистік бағдарламалық өнім арқылы шығындары мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметтеріне бағаларды қалыптастыру кезінде ескерілетін сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің тізбесі бойынша барлық ақпаратты қабылдауды, беруді, сақтауды автоматтандыру, сондай-ақ ашықтықты және қол жетімділікті қамтамасыз ету;

      64) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту;

      65) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимылдар тәртібімен қызметтер көрсетуінің үлгілік регламенттерін бекіту;

      66) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту;

      67) қызметтер көрсету регламентінің үлгілік регламентке сәйкестігін келісу;

      68) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      69) магистральдық теміржол желісінің операторы кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;

      70) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын мемлекеттік органдар қабылдаған актілердің күшін жою және (немесе) өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      71) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұйғарым енгізу және кассациялық наразылық білдіруді ұсынуды енгізу туралы өтінішхат беру;

      72) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыларын, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды және шешімдерді қарау;

      73) үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтерді ұсыну;

      74) Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      75) "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсету";

      76) өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия берумен байланысты қызметті жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      77) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет аумағында мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

      77-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;

      78) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау және өзге де органдарға материалдарды беру;

      79) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      80) Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2023 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2024 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Комитетке басшылық етуді төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Төрағаның өкілеттіктері:

      1) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысына аумақтық бөлімшелердің басшылары және олардың орынбасарларының кандидатураларын тағайындауға ұсынады;

      3) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Төраға қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2022 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2023 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.

      20. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады