Қызылорда облысы әкімдігінің мекемелері мен ұйымдарында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 140 және Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 293 бірлескен бұйрығы мен қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ережесінің 15-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БҰЙЫРАДЫ және Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысы әкімдігінің мекемелерінде, ұйымдарында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және қаулыны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулыны орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына және Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және қаулы тараптардың соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының басшысы
_____________Н. Айдапкелов
     
      Қызылорда облысының әкімі ________ Г. Әбдіқалықова

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
басшысының
2021 жылғы 28 маусымдағы
№ 140 бірлескен бұйрығымен
және
Қызылорда облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 маусымдағы
№ 293 қаулысымен
бекітілді

Қызылорда облысы әкімдігінің мекемелерінде және ұйымдарында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі – халық санағы) өткізу мерзімдері, сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

      2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 27-р өкімімен 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қызылорда облысы әкімдігінен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары енгізілген.

      3. Жоспарға және "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде адам саудасының құрбандарын оңалту орталықтарында; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында; балалар үйінде; дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда; спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатарда; жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда; мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарында; стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда; сәбилер үйінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында (соның ішінде түнде болу бөлімшелері мен мобильді әлеуметтік патруль қызметтері); тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарында; туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда; психоневрологиялық ұйымдарда; наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы медициналық ұйымдарда және Қызылорда облысы әкімдігінің басқа мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – мекемелер мен ұйымдар) тұратын және (немесе) келген респонденттер, уақытша жоқ адамдар мен уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді (бұдан әрі – респондент) қоса жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы:

      1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында интернет желісі арқылы "www.sanaq.gov.kz" сайтында онлайн режимде респонденттердің санақ парақтарын электрондық түрде толтыруы;

      2) 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдаланумен интервьюердің респондентке сауал салуы арқылы санақ парақтарын толтыруы арқылы жүргізіледі.

      4. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспардың 2-тармағына сәйкес құрылған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссияның басшылығымен өткізіледі.

2-тарау. Қызылорда облысы әкімдігінің мекемелері мен ұйымдарында халық санағын өткізу тәртібі

1-бөлім. Жауапты қызметкерлер

      5. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағын тиісті мекеме мен ұйымдардың басшыларының бұйрығымен тағайындалатын халық санағын өткізу бойынша жауапты қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) өткізеді.

      6. Жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өткізетін оқыту семинарларында халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша оқытудан өтеді.

      7. Жауапты қызметкерлер үй-жайлармен және интернетке шығатын компьютерлермен қамтамасыз етіледі.

2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы

      8. Департамент 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге соққыға төзімді қорғаныс қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилус, портативті зарядтау құрылғысы (USB шнуры бар жиынтықта Powerbank) бар жиынтықта планшеттерді (бұдан әрі – планшеттер) жауапты қызметкерлерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырады, олар Департаментке халық санағы аяқталғаннан кейін қайтарылады. Сонымен қатар қағаз жеткізгіштерде халық санағын өткізуге қажетті санақ құралдарын тапсырады:

      1) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелер;

      2) халық санағынан өту туралы анықтамалар.

3-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері

      9. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:

      1) бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша санақтан өтуге жататын респонденттердің тізімі жасалады және Департаментке жіберіледі.

      2) екінші кезеңде санақтан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және планшеттерде немесе сайтында интернет желісі арқылы "www.sanaq.gov.kz" сайтында онлайн режимде бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электронды санақ парақтарын толтыру жүргізіледі.

      Респондентке сауал салу мүмкін болмаған жағдайда, жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыруға мәліметті мекеменің және ұйымның әкімшілігінен алады.

      Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер "www.sanaq.gov.kz" сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторландырудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.

      Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда деректерді жөнелту туралы белгісімен (синхрондау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс каналы бойынша алынған деректерді жібереді.

      Қашықтыққа немесе орындарда ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктесінің болмауына байланысты планшеттен деректерді жүктеу мүмкін болмаған жағдайда, деректер USB шнур арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне түсіріледі.

Об утверждении Порядка взаимодействия Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан с акиматом Кызылординской области при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году в учреждениях и организациях акимата Кызылординской области

Совместный приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 28 июня 2021 года № 140 и Постановление акимата Кызылординской области от 28 июня 2021 года № 293

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 7 Правил и сроков проведения национальных переписей, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049, пунктом 3 Плана мероприятий по проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419, а также подпунктом 51) пункта 15 Положения Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ и акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок взаимодействия Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан с акиматом Кызылординской области при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году в учреждениях, организациях акимата Кызылординской области.

      2. Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) размещение настоящего совместного приказа и постановления на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан;

      2) направление настоящего совместного приказа и постановления на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) настоящий совместный приказ и постановление довести для исполнения до должностных лиц в части, их касающейся.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа и постановления возложить на курирующих соответствующее направление деятельности заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и заместителя акима Кызылординской области.

      4. Настоящий совместный приказ и постановление вводится в действие со дня его подписания последней из сторон.

Руководитель Бюро национальной
статистики Агентства по стратегическому
планированию и реформам Республики
Казахстан __________Н. Айдапкелов

Аким Кызылординской области ________ Г. Абдыкаликова


  Утвержден
совместным приказом
Руководителя
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
от 28 июня 2021 года № 140
  и постановлением акимата
Кызылординской области
от 28 июня 2021 года № 293

Порядок взаимодействия Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан с акиматом Кызылординской области при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году в учреждениях и организациях акимата Кызылординской области

Глава 1. Общие положения

      1. Постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419 "О проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году" утверждены сроки проведения национальной переписи населения Республики Казахстан (далее – перепись населения), а также План мероприятий по проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году (далее – План).

      2. Координация деятельности центральных и местных исполнительных органов при проведении переписи населения распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 9 февраля 2021 года № 27-р возложена на специальную комиссию для решения организационных и инструктивных вопросов, связанных с подготовкой и проведением национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году, в состав которой от акимата Кызылординской области включен заместитель акима Кызылординской области.

      3. В соответствии с Планом, а также приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 11 "Об утверждении переписных листов для проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году" переписи населения подлежат все постоянно проживающие в стране респонденты, входящие в состав домашнего хозяйства (граждане Республики Казахстан, иностранные граждане, лица без гражданства), в том числе респонденты, проживающие и (или) пребывающие в центрах реабилитации жертв торговли людьми; центрах социального обслуживания; детских домах; школах-интернатах для одаренных детей; школах-интернатах для одаренных в спорте детей; школах-интернатах для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей; реабилитационных центрах для инвалидов и (или) детей-инвалидов; организациях, оказывающих стационарную помощь; домах ребенка; центрах социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства (в том числе, отделения ночного пребывания и мобильные службы социального патруля); кризисных центрах для жертв бытового насилия; в специализированных противотуберкулезных организациях; в психоневрологических организациях; в медицинских организациях, оказывающих наркологическую помощь; медицинских организациях в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и других учреждениях и организациях акимата Кызылординской области (далее – учреждения и организации), включая временно отсутствующих и временно проживающих и (или) пребывающих (далее – респондент).

      Учет населения при проведении переписи населения осуществляется по состоянию на момент 00:00 часов по времени города Нур-Султана с 31 августа на 1 сентября 2021 года.

      Перепись населения проводится путем:

      1) заполнения респондентами переписных листов в электронном виде посредством сети интернет на сайте "www.sanaq.gov.kz"в онлайн режиме с 1 сентября по 15 октября 2021 года;

      2) заполнения переписных листов посредством опроса респондента интервьюером с использованием планшет с 1 по 30 октября 2021 года.

      4. Мероприятия по организации и проведению переписи населения в учреждениях и организациях проводятся под руководством региональных комиссий по содействию в проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году, созданных согласно пункту 2 Плана.

Глава 2. Порядок проведения переписи населения в учреждениях и организациях акимата Кызылординской области

Раздел 1. Ответственные сотрудники

      5. Перепись населения в учреждениях и организациях проводится ответственными сотрудниками по проведению переписи населения (далее – ответственные сотрудники), назначаемыми приказом руководителя соответствующего учреждения и организации.

      6. Ответственные сотрудники проходят обучение по всем вопросам, касающимся проведения переписи населения, на обучающих семинарах, проводимых Департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Кызылординской области (далее – Департамент).

      7. Ответственные сотрудники обеспечиваются помещениями и компьютерами с выходом в интернет.

Раздел 2. Материально-техническое обеспечение и переписной инструментарий

      8. Департамент передает ответственным сотрудникам по акту приема-передачи планшеты в комплекте с защитным ударопрочным чехлом, предустановленным защитным стеклом, зарядным устройством, USB шнуром, стилусом, портативным зарядным устройством (Powerbank в комплекте с USB шнуром) (далее – планшеты) с электронными переписными листами для проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в 2021 году (далее – переписные листы), которые возвращаются Департаменту по окончанию переписи населения. А также передается переписной инструментарий, необходимый для проведения переписи населения на бумажных носителях:

      1) пояснения по заполнению переписных листов для переписного персонала при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан 2021 года;

      2) справки о прохождении переписи населения.

Раздел 3. Этапы проведения переписи населения

      9. Перепись населения в учреждениях и организациях делится на 2 этапа:

      1) на первом этапе составляются списки респондентов, подлежащих переписи, по состоянию на 1 июня 2021 года и передаются в Департамент;

      2) на втором этапе проводится опрос респондентов, подлежащих переписи, и заполнение электронных переписных листов согласно спискам, составленным на первом этапе, на планшетах или в онлайн режиме посредством сети интернет на сайте "www.sanaq.gov.kz".

      В случае отсутствия возможности опроса респондента, ответственные сотрудники получают сведения для заполнения переписных листов в администрации учреждений и организаций.

      При прохождении переписи в онлайн режиме посредством сети интернет респонденты, подлежащие переписи, проходят регистрацию на сайте "www.sanaq.gov.kz" самостоятельно либо с помощью ответственных сотрудников. После успешной регистрации и авторизации заполняются электронные переписные листы. Заполненные переписные листы автоматически попадают в Базу данных переписи населения.

      При наличии VPN-канала на планшете полученные данные передаются по выделенному защищенному каналу связи в Базу данных переписи населения, с отметкой об отправке данных (дата и время синхронизации).

      При невозможности выгрузки полученных данных с планшета в силу отдаленности или отсутствия на местах точки доступа мобильной сети, данные выгружаются посредством USB шнура на электронный носитель сотрудника Департамента.