Ескерту. Күші жойылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2023 № 529 (23.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 128 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың атауы мынадай мазмұнда жазылсын:
"Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайдар министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | C-SV-5 |
Комитеттің, департаменттің басқарма бастығының орынбасары. | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес; | Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады. |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | C-SV-8 | Бас: маман-психолог, маман-полиграфолог, маман. Аға: офицер, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; |
";
реттік нөмірі 6, 7 и 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | C-SVО-7 |
Облыстық аумақтық органның аға: офицері, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы. | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім |
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; | |
7. | C-SVО-8 | Облыстық аумақтық органның офицері. Облыстық аумақтық органның аға: инспекторы, маман-психологы, маман-полиграфологы, инженері, анықтаушысы | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім |
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; | |
8. | C-SVО-9 |
Облыстық аумақтық органның барлық атаулардағы инспекторы және инженері | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім | Жұмыс өтілі талап етілмейді. |
";
реттік нөмірі 5 және 6- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | C-SVR-6 | Бас маман. Қалалық, аудандық аумақтық органның аға: офицері, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім |
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; | |
6. | C-SVR-7 | Офицер. Қалалық, аудандық аумақтық органның аға: инженері, анықтаушысы | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім |
1) арнаулы мемлекеттік органдарда не судья лауазымында осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; |
";
реттік нөмірі 5 -жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | C-SVU-6 | Бөлім, кезекшілік бөлімі, оқу орталығы бастығы |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. |
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; | Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады. |
".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі