"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 546 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 529 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2023 № 529 (23.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 128 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың атауы мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";

      1-қосымшада:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайдар министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

C-SV-5

Комитеттің, департаменттің басқарма бастығының орынбасары.
Бөлім бастығы. Кезекші бөлімнің бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7
7.

C-SV-8

Бас: маман-психолог, маман-полиграфолог, маман. Аға: офицер, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


      ";

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 6, 7 и 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

C-SVО-7

Облыстық аумақтық органның аға: офицері, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы.
Облыстық аумақтық органның бас: маманы, маман-психологы, маман-полиграфологы. Облыстық аумақтық органның жедел кезекшісі

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


7.

C-SVО-8

Облыстық аумақтық органның офицері. Облыстық аумақтық органның аға: инспекторы, маман-психологы, маман-полиграфологы, инженері, анықтаушысы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


8.

C-SVО-9

Облыстық аумақтық органның барлық атаулардағы инспекторы және инженері
Облыстық аумақтық органның анықтаушысы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

Жұмыс өтілі талап етілмейді.


      ";

      3-қосымшада:

      реттік нөмірі 5 және 6- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

C-SVR-6

Бас маман. Қалалық, аудандық аумақтық органның аға: офицері, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


6.

C-SVR-7

Офицер. Қалалық, аудандық аумақтық органның аға: инженері, анықтаушысы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

1) арнаулы мемлекеттік органдарда не судья лауазымында осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


      ";

      4-қосымшада:

      реттік нөмірі 5 -жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

C-SVU-6

Бөлім, кезекшілік бөлімі, оқу орталығы бастығы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі бастығы үшін ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы. Бөлім, кезекшілік бөлім, оқу орталықтарының бастықтары үшін жоғары білім

1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады