"Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 108/14 шешімі

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2 және 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік орган мен олардың құрылымдық бөлімшілерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 286/37 шешімі;

      Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қарашадағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 286/37 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 371/51 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 108/14 шешімімен
бекітілген

"Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мәслихат аппараты) Ақсу қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсу қаласы мәслихат хатшысының өкімдерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес бекітіледі.

      9. Мәслихат аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52.

      Жұмыс тәртібі, жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      10. Осы ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратының кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) қалалық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға және басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      2) қалалық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      3) қалалық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      4) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      5) өз өкілеттіктері шеңберінде "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;

      6) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн трансляциялауды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты қалалық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және қалалық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      14. Өкілеттіктері мен құқықтары:

      1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

      2) қалалық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдар жіберу;

      4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      15. Міндеттері:

      1) Ақсу қалалық мәслихатының Регламенті орындалуын қамтамасыз ету;

      2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

      3) қалалық мәслихат құзыреті шеңберінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      16. Функциялары:

      1) мәслихаттың қалалық мәслихат бекіткен Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, қала әкімі енгізетін мәселелер бойынша қалалық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

      2) қалалық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және қалалық мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

      4) қалалық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;

      5) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметтін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      6) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, қалалық мәслихаттың сессияларын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;

      7) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

      8) қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

      9) әзірлеуші қалалық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      10) қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету және оны қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізу;

      11) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, "дөңгелек үстелдерді", жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну;

      12) қалалық мәслихат сайты, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

      13) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету,

      14) қалалық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі

      17. Мәслихат аппаратын басқаруды Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Қалалық мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      19. Қалалық мәслихат хатшысының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) қалалық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) қалалық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) қалалық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) қалалық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

      8) қалалық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен қалалық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда қалалық мәслихаттың атынан өкіл болады;

      13) қалалық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

      14) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      15) Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      16) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өкілеттіктерді орындайды;

      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      20. Ақсу қалалық мәслихат хатшысы қалалық мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      4. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. Мәслихат аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратында бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Мәслихат аппаратында өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қай-та ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Аксу"

Решение Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 23 декабря 2021 года № 108/14

      В соответствии с пунктами 2 и 3 статьи 40 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Аксу".

      2. Отменить решение Аксуского городского маслихата от 29 декабря 2018 года № 286/37 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Аксу";

      решение Аксуского городского маслихата от 14 ноября 2019 года № 371/51 "О внесении дополнений в решение Аксуского городского маслихата от 29 декабря 2018 года № 286/37 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Аксу" отменить.

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на руководителя аппарата городского маслихата.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Аксуского городского маслихата М. Омаргалиев

  Утверждено решением
Аксуского городского
маслихата от
23 декабря 2021 года
№ 108/14

Положение государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу" Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата города Аксу" (далее - Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение деятельность Аксуского городского маслихата, оказывающее помощь депутатам в осуществлении мх полномочий.

      2. Аппарат маслихата ведомств не имеет.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на русском и казахском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря Аксуского городского маслихата.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждаются решением городского маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и другими законодательными актами Республики Казахстан.

      9. Местонахождение Аппарата маслихата: Республика Казахстан, Павлодарская область, 140100, город Аксу, улица Астана, 52.

      Режим работы государственного учреждения:

      понедельник - пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

      12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу"

      13. Задачи:

      1) обеспечение деятельности городского маслихата на сессиях, через постоянные комиссии и иные органы и депутатов в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлений и самоуправлений в Республике Казахстан" и другими законодательными актами Республики Казахстан;

      2) обеспечение принятия на сессиях городского маслихата нормативных правовых актов, предусматривающих сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      3) материально-техническое обеспечение деятельности депутатов городского маслихата;

      4) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета;

      5) обеспечение в рамках своих полномочий организационно-технических и других условий, необходимых для обеспечения доступа к информации о деятельности городского маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      6) обеспечение трансляции открытых заседаний городского маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      7) обеспечение направлений предложений на повышение квалификации депутатов городского маслихата, связанных с осуществлением депутатских полномочий и планирование расходов на повышение квалификации депутатов городского маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия и права

      1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, справки, отчеты, проекты решений, сведения о публикации в средствах массовой информации проектов нормативно-правовых актов, заключении научных экспертиз и экспертных советов, необходимые согласования по внесенным проектам решений городского маслихата и иную документацию по вопросам повестки дня сессий и заседаний постоянных (временных) комиссий;

      2) привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовки вопросов, вносимых на рассмотрение городского маслихата и его постоянных (временных) комиссий;

      3) направлять запросы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      4) осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан;

      15. Обязанности:

      1) обеспечивать соблюдение регламента Аксуского городского маслихата 2) не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики;

      3) обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан в пределах компетенции городского маслихата.

      16. Функции:

      1) обеспечивать подготовку и проведение сессии городского маслихата на основе Плана работы маслихата, утвержденного городским маслихатом, а также по вносимым вопросам постоянными комиссиями и иными органами маслихата, депутатскими группами и депутатами, акимом города;

      2) обеспечивать принятие на сессиях городского маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетных доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, принятых в пределах компетенции городского маслихата и касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      3) обеспечение проведения юридической экспертизы нормативных правовых актов и государственной регистрации в органах юстиции решений маслихата, имеющие общеобязательное значение, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) обеспечение постоянного правового мониторинга в отношении нормативных правовых актов устаревших, коррупциогенных и неэффективно реализуемых норм права, принятых и (или) разработчиками которых является городской маслихат либо относящихся к их компетенции в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      5) определение расходов на обеспечение деятельности городского маслихата, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      6) обеспечивать организационно-техническое обеспечение проведения сессий городского маслихата, онлайн-трансляцию сессии городского маслихата в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О доступе к информации";

      7) обеспечение бесперебойного функционирования и своевременного актуализирования официального сайта городского маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      8) размещение нормативных правовых актов принятых городским маслихатом в средствах массовой информации в соответствии с Законом Республики Казахстан "О средствах массовой информации";

      9) размещение проектов нормативных правовых актов разработчиком которого является городской маслихат на интернет-портале открытых нормативных правовых актов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      10) разработка Плана работы городского маслихата и рассмотрение его на сессии городского маслихата;

      11) осуществлять подготовку заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний, "круглых столов", рабочие поездки и т.п., анализировать, обобщать и своевременно представлять членам постоянных комиссий материалы по существу рассматриваемых вопросов;

      12) обеспечивать открытость и публичность работы депутатов постоянных комиссий через сайт городского маслихата, СМИ, социальные сети;

      13) обеспечивать подготовку депутатских запросов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" по итогам высказанных избирателями на встречах и приемах просьб, предложений, проблемных вопросов;

      14) рассматривать обращения физических и юридических лиц по вопросам деятельности городского маслихата;

      3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу"

      17. Руководство государственным учреждением "Аппарат маслихата города Аксу" осуществляется секретарем Аксуского городского маслихата, который является первым руководителем и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат маслихата города Аксу" задач и осуществление им своих полномочий.

      18. Секретарь Аксуского городского маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      19. Полномочия секретаря городского маслихата :

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии городского маслихата;

      3) ведет заседания сессии городского маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам городского маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      5) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      6) руководит деятельностью аппарата городского маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) регулярно представляет в городской маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие городского маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов городского маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с пунктом 1 статьи 24 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата и депутатских групп;

      12) представляет городской маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений городского маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата городского маслихата;

      15) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Аппарате маслихата и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      16) выполняет полномочия, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", регламентом и решением маслихата.

      При отсутствии секретаря маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

      20. Секретарь Аксуского городского маслихата определяет полномочия руководителя аппарата городского маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и действующим законодательством.

      4. Имущество государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу"

      21. Государственное учреждение "Аппарат маслихата города Аксу" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат маслихата города Аксу" относится к коммунальной собственности.

      23. Государственное учреждение "Аппарат маслихата города Аксу" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

      5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу"

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.