Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 108/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 170/28 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 108/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тараудың 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсу қаласы мәслихат төрағасының өкімдерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.";

      3-тарауда:

      17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "17. Мәслихат аппаратын басқаруды Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.";

      18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "18. Қалалық мәслихаттың төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.";

      19-тармақтың атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "19. Қалалық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:";

      19-тармақтың 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өкілеттіктерді орындайды;

      Мәслихаттың төрағасысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.";

      20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "20. Ақсу қалалық мәслихат төрағасы қалалық мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады