Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық округінің әкімі | К. Айсаков |
Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы "13" желтоқсандағы № 14 шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысалы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | 0,0286 | Кабельдік кәрізді орналастыру және қызмет көрсету үшін | 10 | Железин ауданы, Железин ауылдық округі, Железинка ауылы |