"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 55 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      19-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңнамаға сәйкес мыналарды:

      еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін;

      Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын;

      Министрімен келісім бойынша Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын;

      Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын және бірінші басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      3) Комитет қызметкерлерінің, Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларының лауазымдық міндеттерін бекітеді;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-8, 10-19-қосымшаларда:

      19-тармақтың 1) - 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 644 "Об утверждении положений республиканского государственного учреждения "Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 февраля 2021 года № 55

      В соответствии с пунктом 10 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросу реализации отдельных положений Послания Главы государства народу Казахстана от 1 сентября 2020 года "Казахстан в новой реальности: время действий" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 644 "Об утверждении положений республиканского государственного учреждения "Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении республиканского государственного учреждения "Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (далее - Комитет), утвержденном указанным приказом:

      подпункты 1), 2), 3) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "1) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей:

      работников Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      заместителей руководителей территориальных подразделений областей, городов республиканского значения и столицы, на транспорте Комитета;

      первых руководителей подведомственных организаций Комитета по согласованию с Министром;

      заместителей первых руководителей подведомственных организаций Комитета;

      2) в установленном законодательством порядке решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования, а также привлечения к дисциплинарной ответственности работников Комитета, заместителей руководителей территориальных подразделений областей, городов республиканского значения и столицы, на транспорте Комитета, первых руководителей и заместителей первых руководителей подведомственных организаций Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      3) утверждает должностные обязанности работников Комитета, заместителей руководителей территориальных подразделений областей, городов республиканского значения и столицы, на транспорте Комитета, первых руководителей подведомственных организаций Комитета;";

      в приложениях 2-8, 10-19 к указанному приказу:

      подпункты 1) - 4) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "1) в соответствии с законодательством, назначает и освобождает от должностей работников Департамента и территориальных подразделений, находящихся в ведении Департамента, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законодательством отнесены к компетенции вышестоящего должностного лица;

      2) в установленном законодательством порядке решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования работников Департамента и территориальных подразделений, находящихся в ведении Департамента;

      3) решает вопросы наложения дисциплинарных взысканий на работников Департамента и территориальных подразделений, находящихся в ведении Департамента, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законодательством отнесены к компетенции вышестоящего должностного лица;

      4) утверждает должностные обязанности работников Департамента и территориальных подразделений, находящихся в ведении Департамента;".

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить в течение десяти календарных дней после дня принятия настоящего приказа:

      1) направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан – главного государственного санитарного врача Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой