Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін "Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесімен біріктіру жолымен "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" (бұдан әрі - Мекеме) мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылсын.
2. Алынып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 18.07.2023 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.
4. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасында атаулары өзгертілген мемлекеттік мекемелердің ережелері мен атаулары өзгертілген кәсіпорындардың жарлықтарын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.
5. Мекеменің келесі құрылымы бекітілсін:
1) басшы;
2) басшының орынбасары;
3) мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі;
4) ономастика бөлімі;
5) тілдерді дамыту және талдау бөлімі;
6) архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімі;
7) мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі;
8) бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімі.
6. Атырау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 299 "Облыс әкімиятының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 111 "Атырау облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы", 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Облыс әкімиятының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 111 "Атырау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы", 2010 жылғы 18 маусымдағы № 147 "Облыс әкімиятының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 111 "Атырау облысының Тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы", 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 428 "Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 111 "Атырау облысының тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы", 2013 жылғы 31 мамырдағы № 201 "Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы №111 "Атырау облысының Тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мәселелері" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының, Атырау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 111 "Атырау облысының тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мәселелері" қаулысының 2-тармағының, Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 250 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысының 2-тармағының және Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 116 "Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 250 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылсын.
7. "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" және "Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменоваға жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі | М. Досмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 208 қаулысына 1-қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 208 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 18.07.2023 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 208 қаулысына 2-қосымша |
Қайта аталатын коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
№ | Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қазіргі атауы | Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің өзгертілген атауы |
1 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық балалар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Облыстық балалар кітапханасы" комуналдық мемлекеттік мекемесі |
3 | Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
4 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
5 | "Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қайта аталатын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар тізбесі
№ | Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың қазіргі атауы | Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың өзгертілген атауы |
1 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
2 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
4 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
5 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы Шәймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
6 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
7 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Махамбет тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Махамбет тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
8 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
9 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
10 | "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Атамұра" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | "Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Атамұра" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |