ЗҚАИ-ның ескертпесі ! Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Абдыкаримов |
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің "30" қараша 2021 жылғы № 90 Қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Кәсіпорын атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері % | Жұмыс орындар саны (адам) |
1 | Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
|
|
|
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің "30" қараша 2021 жылғы № 90 Қаулысына 2 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Кәсіпорын атауы | Жұмыскерлер-дің тізімдік саны | Квота мөлшері % | Жұмыс орындар саны (адам) |
1 | Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
|
|
|