2022 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 90 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі ! Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Смағұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Абдыкаримов

  Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы әкімдігінің
"30" қараша 2021 жылғы
№ 90 Қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері %

Жұмыс орындар саны (адам)

1

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

 
65

 
1

 
1

  Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы әкімдігінің
"30" қараша 2021 жылғы
№ 90 Қаулысына 2 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлер-дің тізімдік саны

Квота мөлшері %

Жұмыс орындар саны (адам)

1

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

 
65

 
1

 
1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2022 год

Постановление акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 30 ноября 2021 года № 90

      Примечание ИЗПИ ! Настоящее постановление водится в действие с 01.01.2022.

      В соответствии с подпунктом 14-1) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 13898), акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере одного процента от списочной численности работников организации, согласно приложению № 1.

      2. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере одного процента от списочной численности работников организации, согласно приложению № 2.

      3. Настоящее постановление направить в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электроном виде для официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Смагулова М.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2022 года после его первого официального опубликования.

      Аким района Н. Абдыкаримов

  Приложение 1 к постановлению
акимата Абайского района
Восточно-Казахстанской области
от "30" ноября 2021 года № 90

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Наименование предприятия

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест (человек)

1

Комунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Риза" акимата Абайского района Вкосточно-Казахстанской области

 
65

 
1

 
1

  Приложение 2 к постановлению
акимата Абайского района
Восточно-Казахстанской области
от "30" ноября 2021 года № 90

Квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Наименование предприятия

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест (человек)

1

Комунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Риза" акимата Абайского района Вкосточно-Казахстанской области

 
65

 
1

 
1