Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V ҚРЗ Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданының әкімдігінің 02.07.2018 жылғы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 288 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Қаулының қосымшасымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Үржар ауданы әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімі (Д.Амирбаева) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардын орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баймурзаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Тоқсеитов |
Үржар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 491 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазастан облысы Үржар ауданы әкімі аппараты" Мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Аппарат") Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртабалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Аппараттын құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122, индекс 071700.
10. Осы ереже Аппараттын құрылтай құжаты болып табылады.
11. Аппараттын қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауда мемлекеттік саясатты жүргізуге ықпал ететін әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдігі мен әкімінің, олардың орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде ауданның мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1. Құқықтары:
1) Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi суратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) мемлекеттiк орган басшысының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің, олардың орынбасарларының шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындалуына талдау жүргізіп, анықталған заңбұзушылықтарды, олардың орындалмау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;
4) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
5) заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
6) заңда белгіленген тәртіпте ауданның жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдардын, кәсіпорындар мен ұйымдардын жұмысшыларын әкімдік пен әкіммен қаралатын сұрақтарды әзірлеп шешуге тартуға;
7) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және қатысуға;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдарға, олардың ведомствоға қарасты ұйымдарына қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асыруға;
9) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
2. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін мүлтіксіз орындауды ұйымдастыру;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, Экономикалық реформа жүргізу бойынша шараларды әзірлеу, оны жүзеге асырудың техникасы мен тетіктерін жетілдіру;
4) атқарушы биліктің жұмысына жүйелі және объективті талдау жүргізу, аудан әкімінің қатысуымен шешілуге тиісті аса маңызды проблемаларды анықтау;
5) ауылдық округ әкімдерінің қызметін үйлестіру, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелерді шешуде дербестігін арттыру;
6) ауданның әлеуметтік - экономикалық даму проблемаларын талдау, саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеу, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
7) аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық, мәдени, діни қозғалыстармен өзара байланысын қамтамасыз ету;
8) заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде жан-жақты жәрдемдесу, конституциялық құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
9) кадр саясатын жүргізілуін қамтамасыз ету;
10) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау.
Аудан әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Аппаратты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Аппараттын бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Аппараттын бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;
4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
6) ауданның жергілікті атқарушы және өкілетті органдар қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
8) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда аппараттын мүддесін білдіреді;
9) аудан әкімі аппаратының жұмысын ИСО 200:9001 сапа менеджементі жүйесіне сәйкес қамтамасыз етеді;
10) аппараттың құрылымы мен штаттық кестесін, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
11) аудан әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аппарттын бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Аппаратты қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Аппаратта заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттын мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аппарат басшысы | А. Баймурзаев |