Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 05.12.2022 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№13898 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №25 "Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6833 тіркелген, 2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Айтмағамбетов |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №259 қаулысына 1-қосымша |
Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Тасқала-Аққу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 1 | 1 |
15 | 1 |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №259 қаулысына 2-қосымша |
Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) |
Квотаның көлемі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 61 | 2 | 1 |
2 | Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 123 | 2 | 2 |
184 | 3 |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №259 қаулысына 3-қосымша |
Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) |
Квотаның көлемі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 22 | 2 | 1 |
2 | "Нетказиев" шаруа қожалығы | 5 | 2 | 1 |
3 | "Арай" шаруа қожалығы | 5 | 2 | 1 |
4 | "Луч" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 2 | 1 |
5 | "Тасқала-Дән" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 46 | 2 | 1 |
93 | 5 |