Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 25 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 ақпанда № 6833 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 20.12.2021 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы №15 "Тасқала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6012 тіркелген, 2020 жылы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Тұрмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Шакировқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданының әкімі А. Халелов

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 ақпандағы № 25
қаулысына 1-қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің
тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

21

1

1

2

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

1

1

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 ақпандағы № 25
қаулысына 2-қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

63

2

1

2

Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

118

2

2

3

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

253

2

5

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 ақпандағы № 25
қаулысына 3-қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің
тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

63

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады