"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 44279 тіркелген) 2-тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85702 тіркелген) сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
2. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит, басшы лауазымдардағы адамдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне беріледі.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Қамбатыров |