Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 130 "Ақтөбе қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар:
келесідей мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) осы Жоспардың 8-қосымшасына сәйкес жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшiн қажеттi жайылымдардың сыртқы мен iшкi шекаралары және аландары белгіленген картаны;";
2) 1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
3) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Даржанова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 181 шешіміне 1 қосымша |
|
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 130 шешіміне 1 қосымша |
Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жайылымдық жерлерді жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар негізінде орналастыру схемасы (картасы)
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 181 шешіміне 2 қосымша |
|
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 130 шешіміне 8 қосымша |