Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 28.08.2023 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-168 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
41 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, мәслихат аппаратының бас маманымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40 тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың аппарат басшысы А.Кадыровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Т. Көлкебаев |