Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Көлкебаев |
Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 40 шешіміне қосымша |
Мәртөк аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 141 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-168 болып тіркелген);
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 141 "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Мәртөк аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 116 шешімі;
3. "Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 141 "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 18 шешімі.