Қазақстан Респуликасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Шаимов |
Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 169 шешіміне қосымша |
Темір аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген).
2. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 86 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5283 болып тіркелген).
3. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Темір аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 тамыздағы № 379 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6372 болып тіркелген).
4. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 тамыздағы № 509 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7348 болып тіркелген).
5. "Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 528 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7577 болып тіркелген).
6. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8214 болып тіркелген).