Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 528 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 7577 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 169 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 169 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 "Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4387 тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Е. БАЛБОСЫНОВ
      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады