Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға Ойыл ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Айдарбаевқа жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданының әкімі | А. Қазыбаев |
Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 215 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Рет. № | Ұйымның атауы | Мекеменің ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде штаттық саны, (адам) | Белгіленген квота (%) | Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындар саны (бірл.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 100 | 2 | 2 |
2 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 2 | 1 |
3 | "Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 100 | 2 | 2 |
4 | "Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкжар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 50 | 2 | 1 |
5 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 100 | 2 | 2 |
6 | "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ветеринарлық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 50 | 2 | 1 |
7 | "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |