Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатынас хаты негізінде Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Никельтау ауылы аумағында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) пайдалану үшін жалпы алаңы 0,32 гектар жер учаскесіне жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай 2031 жылдың 12 қазанына дейін, жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзара жария сервитут жөніндегі шарт жасақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 5 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Бекет |