Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 15-04/169 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдарының сарып ауруының жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі қарасты Тасөткел және Ақбұлақ ауылдардың аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтатылсын.
2. Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7144 болып тіркелген) № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А. Баймурзин |