Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 16 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29786 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 15-04/169 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдарының сарып ауруының жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі қарасты Тасөткел және Ақбұлақ ауылдардың аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтатылсын.

      2. Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7144 болып тіркелген) № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А. Баймурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады