Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 227 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 99 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шілікті ауылы, Қарашоқат, Шоқысу, Ақеспе стансаларының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 227 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Кішіқұм ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны–ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Кішіқұм ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Кішіқұм ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Кішіқұм ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті учаскеден қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Кішіқұм ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кішіқұм ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 227 шешімне 2 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шілікті ауылы, Қарашоқат , Шоқысу, Ақеспе стансаларының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Теректі көшесі тұрғындары үшін

1

2.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Толағай көшесі тұрғындары үшін

1

3.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Достық көшесі тұрғындары үшін

1

4.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Меңдікөл және Сарөзек көшелері тұрғындары үшін

1

5.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Сарбұлақ және Сартепсең көшелері тұрғындары үшін

1

6.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Бейбітшілік және Жалаулы көшелері тұрғындары үшін

1

7.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Теміржолшылар көшесі тұрғындары үшін

1

8.

Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылының Қоңыртөбе, Шілікті және Мұрынқұм көшелері тұрғындары үшін

1

9.

Кішіқұм ауылдық округінің Қарашоқат стансасының Спандияр Көбеев көшесі тұрғындары үшін

1

10.

Кішіқұм ауылдық округінің Қарашоқат стансасының Жеңіс көшесі тұрғындары үшін

1

11.

Кішіқұм ауылдық округінің Қарашоқат стансасының Атақоныс және Кішіқұм көшелері тұрғындары үшін

1

12.

Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу стансасының Сарыжайлау көшесі тұрғындары үшін

1

13.

Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу стансасының Жерұйық көшесі тұрғындары үшін

1

14.

Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу стансасының Жастар және Құлагер көшелері тұрғындары үшін

1

15.

Кішіқұм ауылдық округінің Ақеспе стансасының тұрғындары үшін

1

Барлығы

15


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Кишикумского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 28 апреля 2022 года № 227. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 сентября 2023 года № 99

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15.09.2023 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кишикумского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села Шиликты, станций Карашокат, Шокысу, Акеспе для участия в сходе местного сообщества Кишикумского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Шалкарского районного маслихата С. Бигеев

  Приложение 1 к решению Шалкарского районного маслихата от 28 апреля 2022 года № 227

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кишикумского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кишикумского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Кишикумского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) сельского округа в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Кишикумского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Кишикумского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах сел организуется акимом Кишикумского сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих участков имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном участке и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Кишикумского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Кишикумского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Кишикумского сельского округа.

  Приложение 2 к решению Шалкарского районного маслихата от 28 апреля 2022 года № 227

Количественный состав представителей жителей села Шиликты, станций Карашокат, Шокысу, Акеспе для участия в сходе местного сообщества Кишикумского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей для участия в сходе местного сообщества (человек)

1.

Для жителей улицы Теректі села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

2.

Для жителей улицы Толағай села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

3.

Для жителей улицы Достық села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

4.

Для жителей улиц Мендікөл и Сарөзек села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

5.

Для жителей улиц Сарбұлақ и Сартепсең села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

6.

Для жителей улиц Бейбітшілік и Жалаулы села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

7.

Для жителей улиц Теміржолшылар села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

8.

Для жителей улиц Қоңыртөбе, Шілікті и Мұрынқұм села Шиликты Кишикумского сельского округа

1

9.

Для жителей улицы Спандияр Кобеева станции Карашокат Кишикумского сельского округа

1

10.

Для жителей улицы Женис станции Карашокат Кишикумского сельского округа

1

11.

Для жителей улиц Атақоныс и Кішіқұм станции Карашокат Кишикумского сельского округа

1

12.

Для жителей улицы Сарыжайлау станции Шокысу Кишикумского сельского округа

1

13.

Для жителей улицы Жерұйык станции Шокысу Кишикумского сельского округа

1

14.

Для жителей улиц Жастар и Құлагер станции Шокысу Кишикумского сельского округа

1

15.

Для жителей стации Акеспе Кишикумского сельского округа

1

Всего:

15