Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 251,88979 гектар (оның ішінде: мемлекеттік орман қорының жері 2,865 гектар, бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 51,832 гектар, су айдындары 6,815 гектар, өзге жерлер 35,094 гектар) жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Aqtobe Green Garden" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен аң аулау үшін 2032 жылдың 28 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |